
Тифлотүсініктемелі «Граждане крыши» фильмінен әсер алған Сәуле Рахимбекова былай деп атап өтті: «Бұл — ересектердің кінәсінен балалардың шатырларда өз әлемін құруы туралы әңгіме. Еш жасандылықсыз, адал, әсерлі және жарқын»; Овчарова Вера: «Қазақ киносы бүкіл экранды құшақтағың келетіндей етіп түсіре алады. Балалық шақ, достық, үміт және өзін-өзі іздеу туралы нағыз кино»; Қасымова Алтын айтты: «Жас актерлердің шынайы ойнағаны ұнады. Әр көзқарасқа, әр сөзге сенесің»; «Бұл фильм қазіргі заманғы ең үздік қазақ фильмдерінің бірі. Бүкіл әлемдегі барлық балаларды құшақтап, ересектерге жанымыздағыларға біз жауапты екенімізді айтқың келеді»- деп көрермендер өз шешімін білдірді.
Сонымен қатар қазақ және түркі әлемі анимациясының негізін салушы Әмен Қайдаровтың туғанына 100 жыл толуына арналған тифлотүсініктемелі «Дерево Амен аға» атты мультфильмді көрумен аяқталды.


