
16 қыркүйек күні арнайыкітапханада экстремизм мен терроризмнің алдын алу аясында «№52859 әскери бөлімінің» Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты әскери қызметшілерінің қатысуымен «Біз бейбітшілікті жақтаймыз!» атты кездесу өтті. Әңгіме барысында қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау, жалпыадамзаттық құндылықтарды нығайту, сондай-ақ радикализм көріністеріне қарсы тұру және қырағылық таныту маңыздылығы айтылды. Іс-шара соңында халықтардың достығы, бірлігі мен өзара түсіністігіне арналған «Бейбітшілік үшін бірге күресеміз» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.


