
12 маусымда «Шабыт» клубында поэзия сүйер қауыммен Германиядан келген ақын Юрий Кузнецовпен шығармашылық сағат өтті. Жүргізуші кеш қонақтарын ақынның өмір жолымен таныстырып, шығармашылығына тоқталды. Іс-шарада Юрий Кузнецов өзі, Германия туралы әңгімелеп, өз өлеңдерін шабыттана оқыды.
Қызықты өткен шығармашылық кездесуде жырлар шарықтап, ақын мен оқырмандар арасында жарқын әңгіме өрбіді.
Белсенді оқырманымыз Екатерина Федотова Юрий Кузнецовтың «Малая Родина», «Лебедь и Рождество», «Женская сила» және т.б. өлеңдерін оқып, ақын кітапханаға өзінің «Колыбель моей души» атты жаңа өлеңдер жинағын сыйға тартты.


