
3 наурыз күні көру қабілеті бұзылған балаларға арналған № 1 арнайы мектеп-интернатта @shkola.internat1 «Аул стратегического значения» көркем фильмінің тифлотүсініктемелі көрсетілімі өтті. Фильм Шығыс Қазақстанның Марқакөл өңіріндегі шекаралас ауылдардың тағдырын баяндайды. Бұл тек жер туралы емес, сол жерді сақтап қалу үшін тер төккен қайсар жандар туралы хикая. «Аул стратегического значения» — әрбір көрерменді туған жердің қадірін білуге, отаншылдық пен төзімділікке тәрбиелейтін туынды». Тифлотүсініктеменің көмегімен көру қабілеті бұзылған балалар осы табиғат көріністерін, ауылдағы ескі үйлер мен кейіпкерлердің іс-қимылын сезіне алды.


