
Теміртау филиалында қаламыздың №31 мектебінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Ар дауысы» атты интерактивті ойын ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар бірнеше кезеңнен тұратын ойынға белсенді қатысты. Атап айтқанда:
- ситуациялық тапсырмалар
- пікірталас алаңы
- «дұрыс шешім қабылда» кезеңі
- командалық жұмыс элементтері
Қатысушылар күнделікті өмірде кездесуі мүмкін түрлі жағдайларды талдап, адалдық пен әділдік тұрғысынан шешім қабылдауға тырысты. Әр кезеңде олар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасып, сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына тигізетін кері әсерін терең түсінді. Ойын барысында қатысушылардың құқықтық мәдениеті артып, жауапкершілік, парасаттылық және азаматтық ұстаным сияқты маңызды құндылықтар насихатталды. Мұндай форматтағы іс-шаралар жастарды адал болуға тәрбиелеп, әділетті қоғам қалыптастыруға ықпал етеді.


