Полезные ссылки

Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Электронное
правительство Республики Казахстан

Аппарат акима города Караганды

Управление культуры, архивов и документации Карагандинской области

О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан

Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан

17 сәуір күні кітапханада «Арнайы кітапхананың әлеуметтік-мәдени серіктестігі» атты дөңгелек  үстел өтті. Іс-шараны арнайы кітапхананың басшысы Нурланов Ғалым Адайұлы ашты.

Дөңгелек үстел жұмысына спикер ретінде саңыраулар мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы Абишева Айгүл Қойшыбайқызы, №1 арнайы мектеп-интернатының кітапхана меңгерушісі Иткарина Нагима Зиядовна мен кітапханашы Абишева Екатерина Петровна, кітапхананың инженер-жүйетехнигі Ковалева Анна Анатольевна және кітапхананың көру қабілеті бұзылған белсенді оқырмандары қатысты.

Іс-шараны модератор тифлопедагог-оңалтушы Высочинский Владимир Александрович жүргізіп, қатысушылармен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту, бейімдеу мен қоғамға тарту, ақпаратқа қолжетімдікті қамтамасыз ету мәселелерін қарастырып, сұрақ-жауап алмаса, өзара тәжірибе бөлісті.