Полезные ссылки

Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Электронное
правительство Республики Казахстан

Аппарат акима города Караганды

Управление культуры, архивов и документации Карагандинской области

О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан

Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан

15 қазан күні Халықаралық «Ақ таяқ» күніне орай Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен, Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басқармасының, Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының ұйымдастыруымен №1 арнайы мектеп-интернатында «Айналайын» кітабының тұсаукесері өтті.

Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған бедерлі-нүктелі қаріпте жарық көрген арнайы басылым тұсаукесеріне арналған салтанатты рәсімді ашқан Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Н.Бикенов пен ақын Мақпал Мыса арнайы басылымның тұсауын кесті.

Іс-шараға Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басшысының орынбасары А.Шакенова мен бөлім басшысы Ш.Жұмабаева, Қарағанды облысының білім басқармасының өкілдері, «Білте» қоғамдық қорының президенті Мақпал Мыса, «Қамқор плюс» мүгедектер ҚБ бірінші басшысы Н.Сундиталиев, Қарағанды қаласы «Шырақ» тілдерді оқыту орталығының басшысы Э.Орынбаева, «Ken’jol қоғамының инновациялық даму Альянсы» ҮЕҰ төраға орынбасары Д.Ержанова, №1 арнайы мектеп-интернатының директоры А.Тлегенова, «Жалын мүгедектер қоғамы» ҚБ төрағасыА. Егеубаев, Қарағанды облысының Қазақ зағиптар қоғамының өкілдері, №1 арнайы мектеп-интернатының оқушылары, арнайы кітапхана оқырмандары және т.б. қатысты.

Ерекше балалардың рухани дамуы мен оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тағылымды шарада №1 арнайы мектеп-интернатының оқушылары Н.Рзағали мен З.Малышева «Айналайын» кітабынан үзінділер оқып, Н.Қайыржан мен Н.Рзағали дуэті «Нұрлы арман» әнін және «Шалқыма» ансамблі «Әуен» орындап, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Маңызды шара «Арай» триосының орындауындағы «Ұлы дала» әнімен аяқталды.