
9 қараша арнайы кітапханада сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адалдық – болашақ кепілі» атты ақпараттық сағат өтті. Сыбайлас жемқорлық пен парақорлық – қоғамымыздың дамуын тежейтін және әлсірететін ең үлкен дерт. Іс-шара барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының қалай жүзеге асырылып жатқанымен, бізді қандай заңдар қорғайтынымен, мемлекет қандай шаралар қабылдайтынымен және ортақ іске үлес қосу үшін әрқайсысымыз не істей алатынымызбен таныстырылды. Пайдаланушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы брошюралар мен кітаптар, қылмыстық құқық бойынша әдебиеттер ұсынылды.


