
2 шілде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жобасы аясында «Адалдық алаңы: Парасыз болашақ» атты шығармашылық турнир кітапхана ұжымы арасында ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық пен әділдік құндылықтарын насихаттау және ұжым арасында ашықтық қағидаттарын дәріптеу. Турнир барысында қатысушылар шығармашылық тапсырмалар орындап, өз ойларын еркін жеткізіп, адал қоғам құру жолындағы азаматтық ұстанымдарын танытты. Осындай бастамалар ұжымдық бірлікті нығайтып қана қоймай, парасаттылық пен жауапкершілік қағидаларын өмір салтына айналдыруға ықпал етеді. Адалдық – әрбіріміздің таңдауымыз, ал парасыз болашақ – ортақ мақсатымыз!


