
19 мамыр кітапханада №32 мектеп оқушыларына арналған «Адалдық алаңы: парасыз болашақ» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Кітапханашы балаларға жемқорлыққа қарсы болу және адал жүру туралы түсіндірді. Оқушылар заң әдебиеттерімен танысып, әділ билер мен даналардың ғибратты сөздеріне ерекше қызықты.


