Полезные ссылки

Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан

Электронное
правительство Республики Казахстан

Аппарат акима города Караганды

Управление культуры, архивов и документации Карагандинской области

О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан

Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан

Ұлы Абай күніне арналған іс-шаралар аясында 12 тамызда біздің арнайы кітапханада «Абай мұрасы» атты шығармашылық кеш өтті. Іс-шараның қонақтары болып «№51 мектеп-қосымша білім беру орталығы», «№25 ЖББМ», «№20 ЖОББМ» оқушылары, сондай-ақ Қоғамдық тәртіпті қорғау басқармасының аға учаскелік инспекторы Өркінбаева Ж.Д. және Киров аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы Сәдуақасова З.Е. қатысты. Іс-шара барысында балалар ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылығымен танысты. Олар викторинаға үлкен қызығушылықпен қатысып, «Абайдың қара сөздерінен үзінділер» тапсырмасын орындады және осы ұлы сөздердің мағынасын түсіндіріп берді. Кітапханамызға экскурсия ұйымдастырылды. Балаларға өте ұнады. Іс-шарамыздың ұраны белгілі зерттеушілердің бірінің мына сөзі болды: «Абай тек бүкіл халық білімді әрі дана болған кезде ғана ескіреді».