
13 тамызда Теміртау филиалында «Қазақ зағиптар қоғамымен» бірлесіп «Абайдың ұлы мұрасы» атты әдеби сағат өткізілді. Іс-шараның мақсаты Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын насихаттау. Оқырмандарда ұлттық мәдениетті құрметтеуге, білімге, адалдық пен еңбекқорлыққа ұмтылуға тәрбиелеу. Қатысушылар Абайдың қандай өсиеттері бүгінгі күні өзекті екендігі туралы ойларымен бөлісті. Абайдың білім алу, адал еңбек ету және қазіргі қоғам үшін заңға құрмет туралы идеяларының маңыздылығы атап өтілді. Оқырмандар «Абайды біл» викторинасының сұрақтарына қызығушылықпен және белсенді жауап берді, олар кезек-кезек «Қара сөздерінен» үзінділерін оқып, олардың мағынасын талқылады. «Абай мұрасы-халық ұлағаты» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Абай Құнанбаев-ақын ғана емес. Бұл дәуір, ұлт мұғалімі, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы.


