
10 тамыз күні арнайы кітапхана оқырмандарына ұлы ақынның күніне арналған «Абайдың асыл мұрасы» атты поэтикалық кеш өтті. Іс-шара барысында қатысушылар қазақтың ұлы ақыны, ойшылы, ағартушысы Абай Құнанбайұлының өмір жолымен және оның мәңгілік әдеби мұрасымен танысты. Тұрақты оқырман Д.Қайырбек орындауында «Балбырауын», «Домбыра» күйлері шырқалды. Зағип және нашар көретін @dknezryachih мәдениет үйінің өнерпазы А. Қапенов «Жас қалам» әнін және Абайдың әйгілі «Көзімнің қарасы» әнін орындады. Сонымен қатар А.Быкова., Нұрпатша апай, Гулдана, О.Шаталина және С.Сагнай Абайдың өлендерін мәнерлеп оқып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Кеш аясында көрермендерге «Абай әлемі» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, онда Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған үздік басылымдар таныстырылды.


