Жыр алыбы Жамбыл – 175 жыл

 

Жырау, қазақ халқының ұлы перзенті, ақын, айтыскер, жыршы, абыз жырау, ақын-импровизатор, қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, сазгер Жамбыл Жабайұлы 1846 жылы 28 ақпанда Жамбыл тауы етегінде (қазіргі Алматы облысының Жамбыл ауданы) дүниеге келген.

Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайдың батасын алған. Жамбыл - жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы 1919 жылы Жетісу халық ақындарының слеті мен 1934 жылы республикалық өнер шеберлерінің тұңғыш слетіне қатысып, жыр толғаған. «Замана ағымы», «Белсенділерге», «Қазақстан тойына», «Жастар алдындағы сөз» сияқты арнау, толғаулары сол жылдары жазылған.

Биік парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзияны қалыптастырушы, халық ақындарының жасампаздық рухтағы жаңа ұлы көшін бастаған дара тұлғаның қуатты сөздері ұранға айналып, халық поэзиясының атасы атанған. Жыраулардың байтақ эпикалық дәстүрін, қазақ сөз өнеріндегі ғажайып импровизациялық үрдісті бүтіндей жаңа арнаға бұрып, оған жаңа мазмұн дарытқан.

Оның үздік шығармалары 40-тан астам шет тілдеріне аударылды. Ұлы жырау қазақ халқын, оның поэзиясын бүкіл әлемге жария етті.

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Жамбыл Мәскеу мен Ленинград туралы ең жақсы өлеңдер жазды. 1941-1942 жылдары Ленинград қоршауынан қала тұрғындарына өлең жолдап, қала қорғаушыларына сүйіспеншілікпен, алаңдаушылықпен батыл ынталандыру сөзін жеткізеді. Орыс тіліне аударылған жолдауы Ленинградта радио арқылы таратылып, плакаттар түрінде жарияланды.

Ақын шығармалары Қытай, Чехословакия, Англия және т. б. елдерде жарық көрді. Өлеңдері КСРО өмірді дәріптеп, билік тарапынан кеңінен таратылды.

1938 жылдан бастап Қазақ КСР Қарулы Күштерінің депутаты болды.

1941 жылы Сталиндік, кейін КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

1-ші сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, КСРО және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі болды.

Ленин ордені, Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.

Өлең-жырларымен көптеген елге танылып, артына баға жетпес асыл мұра қалдырып кеткен жыл алыбы Жамбыл атамыз 1945 жылы 22 маусымда, 100 жасқа толуына бірнеше ай ғана қалғанда дүниеден озды.

Ромен Роллан, Мартин Андерсен, Нексе, Катарина Сусанна Причард сияқты атақты суреткерлер Жамбыл поэзиясына өте жоғары баға берді. Жамбыл туралы жүздеген өлең-жырлар жазылды.

Жамбылдың есімі Қазақстанның бір облысына, бірнеше аудандарға, бірқатар елді мекендерге, мекемелер мен оқу орындарына, өнер ордаларына, мектептерге, көшелерге берілген.

Жамбыл жасампаз ұрпақпен мәңгі бірге жасай береді.

«Жамбылдың жыр әлемі» әдеби кеш

«Өлең-сөздің дүлдүлі» . кітап көрмесі

«Поэзия падишалары» (Жамбыл Жабаев - - 175 жыл және т.б.) ақпараттық-библиографиялық дайджест


Навигация по сайту

Погода

Последние новости

Панель управления


Логин
Пароль

Наши социальные сети

Календарь

«    Май 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Баннеры