» Зағип пайдаланушыларды абонементтік қамтамасыз ету секторы


Зағип пайдаланушыларды абонементтік қамтамасыз ету секторы

Сектор қызметкерлері:

Шайсултанова Светлана Ануарбековна – сектор басшысы

Романова Наталья Алексеевна - кітапханашы

 

Зағип пайдаланушыларды абонементтік қамтамасыз ету секторы кешенді құрылымдық бөлімше болып табылады және Қарағанды облысының зағип және нашар көретін азаматтарына, көзінің көрмеуі бойынша мүгедек отбасы мүшелеріне, көру қабілеті бұзылған мектеп оқушыларына, студенттерге, әлеуметтік және шығармашылық оңалту мәселелерімен айналысатын мамандарға кітапхана қорында бар басылымдарды үйге беру үшін ұсынаып, ақпараттық қызмет көрсетуді жүзеге асырады,.

Бөлімшеде әртүрлі білім салалары бойынша әдебиеттер, CD және DVD тасымалдағыштағы электронды басылымдар топтамасы, тактильді және "дыбысталған" кітап, жазық баспалы және бедерлі-нүктелі, ірі қаріпті әдебиеттер, рбедерлі-графикалық құралдар жинақталған. Барлық қажетті басылымдарды пайдаланушы 1 ай мерзімге ала алады.

Секторда аптасына 1 рет дауыстап оқу үйірмесінде оқулар өтеді. Басымдылығы мүгедектерді әлеуметтік оңалту болып табылатын, әдебиетке, поэзияға, ұлттық және әлемдік мәдениетке сүйіспеншілікпен қарайтын мүмкіндігі шектеулі адамдарды біріктіретін "Шабыт" бос уақыттық-оңалту клубы жұмыс істейд.  

Үйге апаратын абонемент арқылы 60 жастан асқан зағип пайдаланушылардың, қосымша мүгедектік тобы бар көру бойынша мүгедектердің, сондай-ақ Қарағанды қаласында тұратын толық зағип пайдаланушылардан тұратын отбасылардың ақпараттық қажеттіліктерін қамтамасыз ету жүзеге асырылады.

Бөлімшенің сырттай абонементі Қарағанды облысының аумағында тұратын зағип және нашар көретін пайдаланушыларға пошта байланыс бөлімшесі арқылы электрондық тасымалдағыштағы әдебиеттері бар бандерольдер мен сәлемдемелерді және бедерлі-нүктелі қаріпті, үнтаспадағы "дыбысталған" кітаптарды жөнелту жолымен ақпараттық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.


Навигация по сайту

Погода

Последние новости

Панель управления


Логин
Пароль

Наши социальные сети

Календарь

«    Май 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Баннеры