Қызмет көрсету бөлімі

Бөлім қызметкерлері:

Хасенова Қаламқас Шұғайқызы – бөлім басшысы

Павлова Галина Владимировна - кітапханашы

Литвиненко Светлана Анатольевна - кітапханашы

Тажбаева Айман Белгибаевна – кітапханашы

 

Қызмет көрсету бөлімі барлық санаттағы пайдаланушыларға, көз көруі бойынша мүгедектер мен басқа да әлеуметтік осал тұлғаларға, олардың отбасы мүшелеріне кітапхана қорының қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Бөлім қоры олар қарапайым және арнайы тасымалдаушылардағыәртүрлі білім салалары бойынша әдебиеттерден тұрады, оларды үйге беру үшін және кітапханада пайдалану үшін оқырмандарға беріледі.

Қызмет көрсету бөлімінің барлық қызметі басты қағидатты жүзеге асыруға бағытталған – ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету, ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына тарту, тез өзгеретін ақпараттық ортада зағип пайдаланушының ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тең және жайлы жағдай жасау, бөлім жедел және толық ақпарат алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге ұмтылады. Барлық іс-шаралар қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі. Кез келген ақпарат пен қызметтер пайдаланушыларға қажетті көлемде және барынша қолжетімді нысанда ұсынылады.

Көпшілік пайдаланатын абонемент өз оқырмандарына кітапхана қабырғасынан тыс пайдалану үшін кітап алуға мүмкіндік береді. Мұнда Сізге мектеп бағдарламасына көмекке, әлемдік көркем әдебиет, жаңа әдеби кітаптарды ұсынуы мүмкін.  Абонемент қоры әмбебап және оқырмандардың қол жетімділігі үшін еркін. Оқырман қажетті әдебиетті 15 күнге дейін қолдануға ала алады.

Абонементте "Өрлеу" балалар бұрышы жұмыс істейді. Балалар кітаптары түрлі форматтарда бар: дыбыстағыш кітап, бұрылыс-кітап, ашық хат- кітап, шағын кітапша, алып-кітап, эксклюзивті тактильді кітаптар.

Оқу залы ақпараттық және анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Жұмыстың басты принципі – барлық санаттағы қолданушыларға қызмет көрсетуде қордың жалпы қолжетімділік кепілдігі мен оның зағип қолданушыға жақындатудың неғұрлым тиімді жолдарын іздеуді қамтамасыз ету. Оқырмандар залы қорында салалық және көркем әдебиет басылымдары жинақталған: энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалықлар, оқу құралдары, оның ішінде электронды тасымалдаушыларда, бедерлі-нүктелі қаріпті басылымдар.

Оқу залында балаларға арналған "Балауса" әдеби-танымдық клубы жұмыс істейді. Мақсаты - балаларды кітап мәдениеті мен кітапқа деген сүйіспеншілікке баулу. Клуб аясында экскурсиялар, көрмелер, пікірталастар, поэтикалық сағаттар, патриоттық шаралар, ойындар, викториналар, шығармашылық сағаттар өткізіледі.


Навигация по сайту

Погода

Последние новости

Панель управления


Логин
Пароль

Наши социальные сети

Календарь

«    Май 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Баннеры