«Қарағанды тарихы. Қолыңызбен ұстауға болады!»
Категория: Новости каз | Автор: Admin | Просмотров: 1579
Дата: 14-06-2021, 14:52

2021 жылғы 24 мамырда Меморандум аясында кітапханада «Қарағанды тарихы. Қолыңызбен ұстауға болады!» атты бейімделген көрме-экспозиция ұйымдастырылды.

Көруі бойынша мүгедектігі бар оқырмандар қатысқан көрме-экспозицияны облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Темірова Гүлнар Әшімқызы құттықтау сөзбен ашып, пайдаланушылардың музей экспозицияларын ыңғайлы қолжетімділік арқасында тамашалау мүмкіндігіне тоқталды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында жүзеге асырылған жоба Қарағанды қаласы мен облыс тарихымен таныстыра, жәдігерлер мен заттарды қол тигізіп тамашалау арқылы сол жылдардағы уақыттың тынысын сезінуге мүмкіндік береді. Көрме «қолмен ұстауға болмайды» деген стереотипті бұзады. Кітапхана қызметкерлері дайындаған тифлотүсініктемелер ұмытылмас сезімдерді сезінуге, ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдары және 80-ші жылдары тұрмыстық заттармен тактильді танысудан жарқын әсер алуға көмектеседі. Тифлотүсініктемелер сол кезеңдегі заттар мен жабдықтардың тұтас бейнесін алуға, олардың қалай көрінетінін және не үшін арналғанын білуге мүмкіндік береді. Барлық жәдігерлерді қолмен ұстаумен қатар киіп көруге, тіпті естелік суретке түсуге де болады.

Көрме екі залда орналасқан. Бірінші залда орналасқан жәдігерлер қаланың қалыптасу тарихымен және облысты индустрияландырумен таныстырады. Екінші залдағы жәдігерлер арқылы Ұлы Отан соғысы, репрессия кезеңі және ХХ ғасырдың 40-80 жылдарындағы аймақ тарихымен танысуға болады.

Бүгінгі күні көрмені қараған келушілер саны 60 астам адамды құрады. Тек Қарағанды қаласының ғана емес, Темиртау, Шахтинск, Абай қалаларының өкілдері, сондай — ақ № 1 арнайы мектеп — интернаты (көру қабілеті бұзылған балаларға арналған) және № 2 арнайы мектеп-интернаты (тірек-қимыл аппараты бұзылған) қатысты.

Көрме-экспозицияға қатысқан келушілер тарихи жәдігерлерді зор қызығушылықпен тамашалап, ерекше сезімге бөленіп, жәдігерлерді қолмен «көргендегі» жарқын әсерлерімен бөлісті. Көруі бойынша мүгедектігі бар жандар жақын арада облыстық тарихи-өлкетану музейіне барып, музей залдарындағы облыстың мәдени мұрасымен танысуды тифлотүсініктемелі экскурсиямен жалғастыра алады.

 

«Қарағанды тарихы. Қолыңызбен ұстауға болады!»

 

«Қарағанды тарихы. Қолыңызбен ұстауға болады!»

 

«Қарағанды тарихы. Қолыңызбен ұстауға болады!»

 

«Қарағанды тарихы. Қолыңызбен ұстауға болады!»

 

«Қарағанды тарихы. Қолыңызбен ұстауға болады!»

 

dle

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Перейти в:

  • Главная     Электронный каталог     Все новости     Подписка     Online продление книг
  • Комментарии:

    Остаить комментарий

    Навигация по сайту

    Погода

    Последние новости

    Панель управления

    
    Логин
    Пароль

    Наши социальные сети

    Календарь

    «    Июль 2021    »
    ПнВтСрЧтПтСбВс
     1234
    567891011
    12131415161718
    19202122232425
    262728293031 

    Баннеры