«Тәуелсіздік бәрінен қымбат»
Категория: Новости каз | Автор: Admin | Просмотров: 274
Дата: 11-01-2021, 10:23

 

5 қаңтар күні «Egemen Qazaqstan» газетінің №2 санында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақала https://www.inform.kz/kz/tauelsizdik-barinen-kymbat-kasym-zhomart-tokaev_a3737118 жариялады.

Президент аумақтық тұтастығымызға күмән келтіріп, тату көршілік қатынастарға сына қаққысы келетін кейбір шетел азаматтарының арандатушылық іс-әрекеттеріне ресми және қоғамдық деңгейде тойтарыс беру керектігіне тоқталып, «...қазақтың жері ешбір шетелдіктің меншігіне берілмейді, ешқашан сатылмайды... Бабалардан мұра болған қасиетті жеріміз – ең басты байлығымыз. Қазаққа осынау ұлан-ғайыр аумақты сырттан ешкім сыйға тартқан жоқ», - деп жерге байланысты мәселелерді қарастырды.

Мемлекет басшысы 2018 жылы Елбасы жарлығымен Оңтүстік Қазақстан облысына Түркістан атауы берілгенін, тарихи әділдікті қалпына келтірген орынды шешімді халықтың бірауыздан қолдап, өте жылы қабылдағанын, бұл игі үрдістің елімізде жалғасып, алдағы уақытта осындай қадамдардың байыппен жасалатындығын айтып өтті.

Халықаралық деңгейде танылған шекарамызды бекітуде екіжақты келіссөздерді жүргізуге тоқталып, ағартушылық жұмыстарын ұстамдылықпен жүргізуді ұсынды.

Сондай-ақ тәуелсіздікке 30 жыл толуы, жеткен жетістіктер, билік жүйесінің қалыптасуы айтылып, Қазақстанның академиялық үлгідегі жаңа тарихын жазуды дереу бастау, әлемнің негізгі тілдеріне аудару, қазақтың сан ғасырлық шынайы тарихын әлемге таныту арқылы ұлттың жадын жаңғырту мүмкіндіктері, мемлекеттік тіл - ана тілімізді дамыту, қазақ тілін бүкіл халқымызды біріктіруші факторға айналдыру керектігі қозғалды. Президент мемлекеттік тілді білу – Қазақстанның әрбір азаматының парызы, міндеті деп үндеу тастады.

Мақалада ұлтаралық келісім, Қазақстанның саяси жүйесі, Мәжіліс депутаттарының биылғы сайлауы, көппартиялы Парламентті орнықтыру жолындағы маңызды қадамдар, Жастар кеңесінің қызметі туралы келелі ойлар айтылды.

 

 

 

 

dle

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Перейти в:

  • Главная     Электронный каталог     Все новости     Подписка     Online продление книг
  • Комментарии:

    Остаить комментарий

    Навигация по сайту

    Погода

    Последние новости

    Панель управления

    
    Логин
    Пароль

    Наши социальные сети

    Календарь

    «    Май 2021    »
    ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
    3456789
    10111213141516
    17181920212223
    24252627282930
    31 

    Баннеры