«Біз тұратын өлке»
Категория: Новости каз | Автор: Admin | Просмотров: 306
Дата: 2-12-2020, 16:37

Павлодар облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының 50 жылдық мерейтойы аясында Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасы» КММ «Біз тұратын өлке» атты Республикалық байқау жариялады.

Байқау 21 қыркүйек - 25 қараша аралығында өтті.

Кітапханамыз аталмыш байқауға атсалыса қатысып, аймақтық мәртебеге ие, ұлттық маңызы бар киелі нысандар, ерекше қорғалатын табиғи мұра саналатын, Қазақ хандығының бесігі болған, үш жүздің басы біріккен Ұлытау өңіріндегі киелі нысандар, тарихи-мәдени ескерткіштер, хандар кесенелері туралы «Ұлт ұясы- Ұлытау» атты карта-макеті ұсынды.

Ұлытау ұлттық тарихи-мәдени кешені «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұсынылған «Қарағанды облысының туристік бағдарлары» картасына енгізілді. Бұл бағдарлама туризм мәдениетін дамытуға, мәдениет пен тарихты танытуға арналған, рухани дамуға ықпал ететін, өлкеміздегі ұлттық маңызы бар киелі нысандар мен бірегей қасиетті жерлермен таныстырады.

Байқауға ұсынылған басылым кешенге енгізілген барлық маңызды нысандарды қамтыды. Әрбір нысан нақты көшірмеде жасалып, географиялық сәйкестікте орналастырылып, жалпақбасылымды қаріп пен бедерлі-нүктелі қаріпте жазылған деректермен толықтырылды.

Картаға екі қаріпте құрастырылған түсіндірме кітап ұсынылады.

25 қарашада Павлодар облыстық арнайы кітапханасында қабырғасында қазылар алқасының отырысы өтті. Байқауға Қазақстан Республикасының 7 облысынан 11 жұмыс қатысты. Қазылар алқасының шешімі бойынша бірінші орын Қ.Сыдыиқов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының, Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған филиалының жұмысына берілді. Екінші орынға Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы, үшінші орынға Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы.

Әріптестерімізді жеңіспен құттықтай отырып, Павлодар облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана қорын арнайы әдебиеттермен толықтыруға мүмкіндік береді деген сенімдеміз.

«Біз тұратын өлке»

 

«Біз тұратын өлке»

 

«Біз тұратын өлке»

 

dle

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Перейти в:

  • Главная     Электронный каталог     Все новости     Подписка     Online продление книг
  • Комментарии:

    Остаить комментарий

    Навигация по сайту

    Погода

    Последние новости

    Панель управления

    
    Логин
    Пароль

    Наши социальные сети

    Календарь

    «    Май 2021    »
    ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
    3456789
    10111213141516
    17181920212223
    24252627282930
    31 

    Баннеры