» » Онлайн форматтағы кітапхана жұмысы: тиімділігі мен әкімшіліктік сұрақтардың құқықтық аспектілері»

Онлайн форматтағы кітапхана жұмысы: тиімділігі мен әкімшіліктік сұрақтардың құқықтық аспектілері»
Категория: Новости каз | Автор: Admin | Просмотров: 417
Дата: 15-05-2020, 14:17

14 мамыр күні Zoom платформасында Қарағанды және Павлодар облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханаларының ұйымдастыруымен өткен «Онлайн форматтағы кітапхана жұмысы: тиімділігі мен әкімшіліктік сұрақтардың құқықтық аспектілері» тақырыбындағы әдістемелік кейске республикалық, облыстық, қалалық арнайы кітапханалар атсалыса қатысты.

Өзара тәжірибе алмасып, пікір бөлісу ретінде өткен шарада педагог-оңалтушы В. А. Высочинский «Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік желілер, электрондық ресурстар және мессенджерлер арқылы оңалту» тақырыбындағы баяндама жасап, зағип пайдаланушылар өміріндегі әлеуметтік желілерге кеңінен тоқталды.

Кітапханашы-брайлшы Е. П. Абишева «Зағип және нашар көретінетін пайдаланушыларға арналған мәдени-сауықтырулық және оқыту-дамыту жобалары» баяндамасында «Шабыт» бос уақыттық оңалту клубының, «Сиқырлы саусақтар» сәндік-қолданбалы өнер клубтарының жұмыстарын ұсынып, «Брайльды оңай оқимыз!» атты қысқа оқу курсы туралы... ой бөлісті.

Зағип пайдаланушыларды абонементтік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы С. А. Шайсултанова дайындаған «Заманауи пайдаланушылар үшін посттардың қолжетімдігі мен өзектілігі» баяндамасында әлеуметтік желілердегі қызықты посттарға талдау жасалды.

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің басшысы Қ. Ш. Хасенова «Кітапхананы онлайн қызметтер арқылы жылжыту» баяндамасында 13 наурыздан 14 мамыр аралығында онлайн ортада ұсынылған іс-шаралар қызметіне кеңінен тоқталып, оқырман қызығушылығын арттырған іс-шараларды талдай, өз іс-тәжірибесін ортаға салды.

Бұл шарада Павлодарлық әріптестеріміз де аталған тақырыптарда баяндамалар жасап, өз пікірлерін білдірді.

Тәжірибе алмасу түріндегі әдістемелік кейсте кітапхана басшысы А. С. Шаймуханбетова «ТЖ режиміндегі кітапхана қызметінің кейбір нормативтік-құқықтық аспектілері» баяндамасында жұмыс барысында туындаған мәселелерді ортаға салып, талқылады.

Аталмыш шарада жұмыстар талданып, өзекті мәселелер талқыланып, оларды шешудің тиімді жолдары ұсынылды.

Онлайн форматтағы кітапхана жұмысы: тиімділігі мен әкімшіліктік сұрақтардың құқықтық аспектілері»

 

dle

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Перейти в:

  • Главная     Электронный каталог     Все новости     Подписка     Online продление книг
  • Комментарии:

    Остаить комментарий

    Навигация по сайту

    Погода

    Последние новости

    Панель управления

    
    Логин
    Пароль

    Наши социальные сети

    Календарь

    «    Май 2021    »
    ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
    3456789
    10111213141516
    17181920212223
    24252627282930
    31 

    Баннеры