Алтын грифель
Категория: Новости каз | Автор: Admin | Просмотров: 418
Дата: 12-02-2020, 15:38

Брайль бойынша жазуға арналған құралдар мен грифельдің, бір қарағандағы қарапайым заттардың зағип жандарға нүктелер арқылы әлемді танып, ғылым мен мәдениетке, музыка мен поэзияға, тіпті сырға толы суреттерге жанасуға септігін тигізетіні жайлы ойланып көріңізші.

12 ақпан күні арнайы кітапханамыз бедерлі-нүктелі қаріптің бірегей жүйесінің жаңа жетістіктер алаңына айналғандай болды. Біз көз көруі бойынша мүгедектерді оңалтуда брайль бойынша оқып, жазудың маңызды екендігін, ал соқыр-саңырау жандар үшін бұл байланыстың негізгі әдісі саналатынын білеміз. Шынында, бір нүктенің арқасында көп нәрсеге: осы немесе басқа заттың аясында жанасу бағдарын орнатуға, тұрмыстық және кәсіби техниканы таңбалауға, дәрі-дәрмекті, тамақ өнімдерін, тұрмыстық химия мен т.б. белгілеуге қол жеткізуге болады. Шығармашылықпен айналысатын зағип жандар өз қолдарымен орамалға, жастыққа... брайль қарпімен, моншақ, бисер, жіп түріндегі түйіншек, домалақ шашақтармен... есімдерді көркемдеп, тігіп, айналасындағы жақын жандарын қолдан жасалған қолөнер туындыларымен қуантып келеді.

Осы орайда «Оптимист» қызығушылық клубы аясында қолөнерді меңгерген, кітапханашы-брайлшы Екатерина Абишева «Золотой грифель» шеберлік сыныбын өткізіп, зағип жандардың күнделікті өмірде брайль қарпін пайдаланудың құпияларымен бөлісті. Шығармашылық тәсілдемемен көз көруі бойынша мүгедектерді оңалту мен бейімдеу мақсатында даналық брайль жүйесін міндетті түрде пайдалану маңыздылығын түсіндіріп, оны күнделікті өмірде қолдану керектігін дәлелдеп, бедерлі-нүктелі брайль жүйесін зерттеудегі инновациялық тәсілдемелерді көз жанарынан кеш айрылған жандардың қабылдауына неғұрлым қолжетімді байланыс әдістері арқылы ұсынды.

Шеберлік сыныбына көз көруі бойынша мүгедек, бірақ бедерлі-нүктелі қаріпті игермеген пайдаланушылар, шартты дені сау қоғам мүшелері (туысқандары, таныстары, достары, әріптестері...) атсалыса қатысып, қызығушылық танытты.

Табысты нәтижеге беретін кез келген шеберлік сыныбы сияқты жаңа үлгідегі «Алтын грифель» шеберлік сыныбы да ойдағыдай нәтиже берді. Брайль қарпін тек жалпы даму мақсатында ғана емес, оны күнделікті өмірде белсенді пайдалану үшін оқып-үйренуге ниет танытқан оқырмандар брайль жүйесінің заманауи технологиялармен қатар дамып, жаңа түрлерге ие болғанын, көз көруі бойынша мүгедектердің шартты дені сау қоғамға бірігуіне ықпал ететінін талқылады.

«Оптимист» қызығушылық клубы аясында өткен шеберлік сыныбы брайль қарпінің зағип жандарды бүгінгі уақыт ағынында, заманауи ырғақта, сенімділік рухта ыңғайлы өмір сүруге бейімдейтініне көз жеткізді.

Осы тақырыпқа қызығушылық танытқан пайдаланушыларды арнайы кітапханамыздың Саран, Теміртау, Шахтинск қалалық филиалдарында өтетінін шеберлік сыныптарына қатысуға шақырамыз.

 

 

 

Алтын грифель

 

 

 

 

 

 

dle

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Перейти в:

  • Главная     Электронный каталог     Все новости     Подписка     Online продление книг
  • Комментарии:

    Остаить комментарий

    Навигация по сайту

    Погода

    Последние новости

    Панель управления

    
    Логин
    Пароль

    Наши социальные сети

    Календарь

    «    Июль 2021    »
    ПнВтСрЧтПтСбВс
     1234
    567891011
    12131415161718
    19202122232425
    262728293031 

    Баннеры