» Әдістеме-библиографиялық жұмыс және тифлология бөлімі


Әдістеме-библиографиялық жұмыс және тифлология бөлімі

Highslide JS

   
Әдістеме-библиографиялық жұмыс және тифлология бөлімін Ярцева Эльмира Каратаевна басқарады.

   

Бөлім қызметкерлері:

Высочинский Владимир Александрович – тифлопедагог;
Кубанова Светлана Витальевна – тифлобиблиограф;
Тлеубергенова Нуржамал Абеновна – библиограф;

   Әдістеме-библиографиялық жұмыс және тифлология бөлімі Қарағанды облысы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың дербес салалық бөлімі болып табылады. Бөлім базасында Тифлоақпараттық Орталық қызмет атқарады.    

Жұмыстың негізгі бағыттары:


- Әлеуметтік аз қамтылған тұрғындарға: мүгедектерге, мүгедек-балаларға, ҰОС ардагерлеріне, көп балалы отбасыларға кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету жүйесін шыңдау;

- «ҚР АК ААЖ» автоматтандырылған кітапханалық бағдарлама негізінде анықтама-ізденіс аппаратын – кітапханалық үрдісті автоматтандыру жұмысын атқару; арнайы кітапхана қолданушылары үшін Интернет ресурстарын пайдалану;

- Қайырымдылық қорларымен бірлесе жұмыс атқару; көруі нашарлаған балаларға арналған № 1 мектеп-интернатпен, мүгедектер қоғамдарымен бірлескен жобалар мен грант жұмыстары;

- Қазақстандық және ресейлік арнайы кітапханалармен, оңалту қызметтерімен ынтымақтастық;

- Зағип және нашар көретін қолданушылармен Тифлоақпараттық орталықтың оңалту жұмысы – компьютерлік сауаттылыққа үйрету курстар жұмысын жалғастыру, ақпараттық Интернет ресурстарын кеңінен қолдану, зағип оқырмандарға жеке тифлотехникалық құралдар: MP3 плеерлері, сандық диктофондар, магнитолаларды пайдалануда туындайтын мәселелер бойынша кеңес беру;

- Аймақтағы құқықтық ақпаратқа жалпы қолжетімділікке септігін тигізу, 6 нұсқадағы электрондық құқықтық «Заң - Закон» деректер базасын қолдану.

- Оқырмандар сұранысы бойынша брайльдік әдебиеттің аз тиражды басылымы, баламалы форматтағы құжаттарды басып шығару және тарату;

- Кітапхананың және оның салалық бөлімшелерінің қызметін саралау;

- Кітапхананың салалық бөлімше қызметін баламалы пішіндегі кітапханалармен өзара бірлесе әрекет етуі. Арнайы кітапхана қызметкерлерінің біліктілік деңгейлерін арттыру, әдістемелік сағаттар өткізу, арнайы кітапхана филиалдары мен мүдделі оңалту қызметтеріне әдістемелік және практикалық қызмет көрсету.

- Көрмелік қызмет көмегімен, көпшілік ақпараттық құралдарда сөз алу мен әлеуметтік жарнама арқылы қоғамда төзімділік принциптерін ілгерлетуге әрекет жасау; облыстық конкурстар ұйымдастыру, Ақ таяқша мейрамын өткізу.
   Көруі бойынша мүгедек оқырмандарға анықтама-библиографиялық аппарат ұсынылады: «Мақалалардың жүйелі картотекасы» ЭДБ, «Өлкетану», «Тифлология», «Казахстаника»; (Алматы қ.) РЗНКАК басылымындағы библиографиялық көрсеткіштер қоры; бөлімнің әдістеме-библиографиялық бөлімі.
   Бөлім әдістемелік материалдарды, кітапхана филиалдарының мамандарына көмекке библиографиялық көрсеткіштер, ЖОО студенттеріне бағыттағы факультативтер, мүгедектермен жұмыста ерекшеліктерге кеңестер, облыс кітапханаларының «ерекше қамқорлықтағы» адамдармен жұмыс тәжірбиелерін, әдістемелік құралдар, көпшілікпен атқарылатын іс-шаралар әзірлемелерін ұсынады. Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың проблемалары бойынша оңалту және әлеуметтік біріктіру бойынша ақпараттық ресурстарды қалыптастырады; Кітапхана қызметкерлері көруі бойынша мүгедектерді шығармашылық оңалтуға көмек көрсетеді: отандық және шетелдік фестивальдерге құжаттарды жинау, рәсімдеу, конкурстар мен жобаларға қатысу үшін шағын-жобаларды әзірлеу. Кітапхананың көптеген оқырмандары мәдени және өнер іс-шараларында жеңімпаздар, дипломанттар атанды.


Навигация по сайту

Погода

Последние новости

Панель управления


Логин
Пароль

Наши социальные сети

Календарь

«    Май 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Баннеры