Шрифт
  • -
    Rectangle 3
  • 100%
    Rectangle 3
  • +
    Rectangle 3
Фон
  • ф
    Rectangle 3
  • ф
    Rectangle 3
Версия для слабовидящих
KZ RU

Наш адресРеспублика Казахстан
100023, г. Караганда ул. Коммуны, 1

Наш телефон +7(7212)53-69-63
Факс: +7(7212)53-69-46

Жұқпалы аурулар диагностикасы» зертханасы

«Тағам өнімдерін талдау» зертханасы

«Тіркеу сынақтары және вет.препараттарды сынау» зертханасы

«Микроағзалардың депозиттелген штаммаларының ұлттық жинағы»
 

1. Ұйым қызметі

«ВҰРО» РМК қызметінің негізгі нысаны:

1) жануарлар аурулары диагностикасы бойынша референттік қызмет;

2) Ұлттық жинақтама жүргізу;

3) тіркеу сынақтары, ветеринарлық препараттарды, жем-шөптік қоспаларды сынау, сонымен қатар, наразылық жағдайында препараттар сериясын (топтамасын) бақылау;

4) мемлекеттік мониторинг, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша референция;

5) ветеринарлық препараттар, жем-шөптер мен жем-шөптік қоспалар қауіпсіздігі мониторингі.

2. Қызметкерлер туралы мәліметтер

«ВҰРО» РМК штаттық кестесі 115 адамнан құралады, оның ішінде, Астана қаласындағы бас кеңсесінде – 82, Алматы қ. филиалында – 33 адам.

«ВҰРО» РМК кадрлық құрамында ветеринария және биология ғылымдарының екі докторы, төрт кандидаты және арнайы жоғары білімі мен зертханада жұмыс тәжірибесі бар білікті мамандардан, ветеринарлық, биохимиялық және биотехнологиялық мамандықтар бойынша оқу орындарын тәмамдаған мамандардан құралады.

Зертхана қызметкерлері зертханалық зерттеулердің заманауи және классикалық әдістерін меңгерген. Бір жыл ішінде «ВҰРО» РМК базасында және әр түрлі халықаралық институттарда қауіпсіздік, талдау құралдарымен және нәтижелермен жұмыс, жас мамандарға зертханалық зерттеу әдістерін оқыту бойынша тренингтер мен семинарлар өткен.

3. Ұйымның жабдықталуы туралы мәліметтер

«ВҰРО» РМК зертханалық зерттеулерді жүзеге асыруға арналған ең жаңа құралдармен және аппараттармен жабдықталған:

- ИФТ жүргізуге арналған құрылғылар жинағы  – әр түрлі жұқпа қоздырғыштарына антидене мен антигенді анықтауға арналған; 

- ПТР жүргізуге арналған құрылғылар жинағы  – жұқпа қоздырғыштарының ДНҚ/РНҚ анықтауға, тағам өнімдері мен жем-шөптегі генетикалық түрлендірілген бөліктер ДНҚ анықтауға арналған;

- генетикалық талдағыш:

- ламинарлы биоқауіпсіздік шкафтары (2 және 3 класс);

- микроағзалар штаммалары мен бөлінген ДНҚ/РНҚ сақтауға арналған -80оС дейін төмен температуралы мұздатқыштар;

- жоғары шешімді қосарлы фокусталған хромато-масс-спектрометр Thermo Fisher Scientific, DFS, полихлорлы дибензо-п-диоксин (ПХДД) және дибензофурандарды (ПХДФ) изомерлі анықтауға мүмкіндік береді;

- индуктивті байланысты плазмасы бар масс-спектрометр ICP/MS 7700, Agilent Technologies, ол 70 астам көрсеткіштер бойынша уытты элементтерді анықтау үшін зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді;

- автоматтандырылған сынама дайындау жүйесі (экстракция және тазалау) PowerPrep, FMS;

Және басқа да биоталдағыш, рН-метр, су моншасы, автоклав секілді қосалқы құралдар.

Осылайша, зертхананың кадрлық құрамы мен жабдықталуы жоғары заманауи деңгейде зерттеу жүргізуге жағдай жасайды.

4. Мақсат және міндеттер

4.1. Мақсаты және қызмет түрлері

«ВҰРО» РМК қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасы аумағында ветеринария саласында диагностикалық зерттеулер және әдістемелік жұмыстар жүргізу болып табылады.

Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін «ВҰРО» РМК келесі қызметтерді жүзеге асырады:

1) жануарлар мен құстар ауруларына диагностика жүзеге асыру барысында референтті зерттеулер жүргізу;

2) жануартекті өнімдер мен шикізаттарды, ветеринарлық препараттарды, жем-шөп пен жем-шөптік қоспаларды зертханалық зерттеу;

3) жабайы жануарлар ауруларына тұрақты эпизоотикалық мониторинг жүргізу;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде эпизоотикалық мониторинг мақсатында жабайы жануарлар мен құстарды жою;

5) микроағзалардың депозиттелген штаммаларының Ұлттық жиынтығын жүргізу;

6) ветеринарлық препараттардың, жеп-шөп пен жем-шөптік қоспалардың қауіпсіздігі мониторингін жүргізу, ақпаратты жинау және өңдеу, ветеринарлық препараттардың, жем-шөп пен жем-шөптік қоспалардың мониторингі барысында алынған ақпаратты, талдау, бағалау және өңдеу;

7) иммунобиологиялық қасиеттері мен эпизоотикалық тиімділігін анықтау мақсатында ветеринарлық препараттарды, жем-шөп пен жем-шөптік қоспаларды сынауды жүргізу, сонымен қатар, экологиялық қауіпсіздігін анықтап,  ветеринарлық тәжірибеде қолдану мүмкіндігін белгілеу;

8) ветеринарлық бағытта әзірленген препараттардың ғылыми-техникалық құжаттамаларына сараптама жасау және зертханалық зерттеулер жүргізу бойынша әдістемелік нұсқаулар дайындау;

9) жұқпалы, инвазиялық ауру немесе улануға күдік болған жағдайда ауру себебін, жануарлардың қырылу себебін анықтау және растау мақсатында патологиялық материал диагностикасын жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде сараптама актілерін беру;

10) «ВҰРО» РМК құзіреттілігіне жататын мәселелер бойынша тренингтер, ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізу және қатысу;

11) Кәсіпорын құзіреттілігінее жататын мәселелер бойынша республикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізу және қатысу.

4.2. «ВҰРО» РМК міндеттері

Референтті зертханалық зерттеулердің міндеттері жұқпалы аурулардың болуын растау немесе жоққа шығаруғ тағам өнімдерінің, жем-шөптің қауіпсіздігін бағалау, даулы жағдайда жануарлардың қырылу себептерін анықтау және олардың түрлік тиістілігін анықтау болып табылады.

Мониторингтік зерттеулер міндеті жабайы жануарлар арасында жұқпалы аурулардың болуын анықтау бойынша зертханалық сынақ жүргізу, жануартекті азық мен жем-шөптің әр түрлі көрсеткіштерін анықтау болып табылады.

Орталықтың келесі міндеті ветеринария үшін құнды микроағзалардың депозиттелген штаммаларын депозиттеу және сақтау, эпизоотикалық штаммалардың генетикалық қасиеттерін зерттеу, жыл сайын жаңарту болып табылады. Жаңарту әрбір микроағзаның төлқұжатына сәйкес жүзеге асырылады.

ҚР әкелінетін ветеринарлық препараттардың сапасы мен сәйкестігін бағалау үшін тіркеу зертханалық сынақтарын жүргізу орталықтың міндеттерінің бірі болып табылады.

Зерттеу нысаны ауыл шаруашылық жануарлары мен құстар, жабайы жануарлар мен құстар түрлері, әр түрлі номенклатурадағы бактериялар, жем-шөп, су, топырақ және басқа да ветеринарлық бақылау нысандары болып табылады.

Зерттеу әдістері -  зерттеулер жүргізу барысында эпизоотикалық, серологиялық, бактериологиялық, молекулалық-биологиялық, биохимиялық, токсикологиялық және радиологиялық зерттеу әдістері пайдаланылған.

«ВҰРО» РМК өз қызметін мемлекеттік тапсырысқа сәйкес «Ветеринарлық шаралар және азық-түліктік қауіпсіздікті қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша жылдық жоспарға сәйкес 102 «Ветеринариядағы мониторинг, референция, зертханалық диагностика» және 103 «Азық-түліктік қауіпсіздікті қамтамасыз ету» ішкі бағдарламалары бойынша жүзеге асырады.

Сонымен қатар, ақылы қызметтер бойынша жұмыстар жүргізіледі – зертханалық тіркеу сынақтарын жүргізу, Қазақстан Республикасында тіркеу мақсатында әр түрлі бағыттан келген ветеринарлық препараттарды сынау; жұқпалы ауруларға зертханалық-диагностикалық зерттеулер жүргізу;

Кәсіпорынның жұмыс жоспары оның қызметтік міндеттеріне байланысты жасалған –зертханадағы диагностикалық және сараптамалық жұмыс, ветеринарлық-зертханалық істі ұйымдастыру бойынша нормативті-құқықтық актілер дайындау; заңды және жеке тұлғаларға мал аурулары диагностикасымен байланысты кеңес беру; күдікті немесе даулы жағдайларда референтті зерттеу жүргізу; жануарлар аурулары диагностикасын жүргізу, кәсіпорын қызметін ғылыми-әдістемелік үйлестіру.