Біздің кітапхана туралы қысқаша ақпарат
Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының сайтына қош келдіңіздер!
Біздің басты басымдық – қоғамдағы арнайы кітапханалардың рөлін арттыру және зағип пайдаланушылардың ақпаратына шексіз қолжеткізуді қамтамасыз ету.
Арнайы кітапхана негізгі ақпараттық ресурс ретінде ақпарат алудағы кедергілерді жойып, көру қабілеті бұзылған адамдарға ақпарат ағынын барынша қолжетімді және толыққанды етуді қамтамасыз етеді.
Заманауи технологияларды енгізу мен көру қабілеті бұзылған оқырмандарға қажетті көмекші тифлотехникалық құралдарды ұсынуға бағытталған әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудың тиімді тәжірибесімен таныстарады.
Арнайы кітапхана оңалту қызметтері мен арнайы түзету білім беру мекемелерінің мамандары, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері мен психологтар, студенттер мен ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарымен өзара ынтымақтастықта қызмет етеді.


