Тифлоақпараттық орталық (тифлотехника және бағдарламалық қамтамасыз ету, оқу курстары)
Тифлоақпараттық орталық туралы ақпарат
Тифлология және ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі негізінде көруі бойынша мүгедектігі бар жандарға қолдау көрсететін Тифлоақпараттық орталық жұмыс істейді. Тифлоақпараттық орталық компьютерлік технологияларды толыққанды пайдалануды қамтамасыз ететін техникалық және бағдарламалық құрал-жабдықтар кешенімен, Брайль дисплейімен, арнайы мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етумен, JAWS экранға қолжеткізу бағдарламасымен (зағиптардың компьютерде өз беттерімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін бейімділген бағдарлама), автоматтандырылған жұмыс орындарымен жабдықталған және Интернет желісіне қосылған.
Тифлоорталық қызметінің негізгі бағыты:
- Көруі бойынша мүгедектігі бар жандарға даму, білім алу, еңбек нарығы талап ететін мамандықтарды игеруде баламалы мүмкіндіктер мен ақпарат көздерін ұсыну;
- ақпараттық технологияларға, ассистивті және бейімделген, қосымша құралдар мен бағдарламаларға қолжеткізу;
- компьютер, гаджеттер көмегімен зағиптарға әлеуметтік желілерде байланысу үшін навигациялық құралдарды пайдалану мүмкіндігін туғызу, Брайль қарпіне ауыспаған басылымдарға қолжетімдікті қамтамасыз ету.
Тифлоорталық ұсынатын қызмет
- «Логос» Бірінші Интернационалды онлайн-кітапханасына қолжетімдік;
- Ашық Интернет дереккөздерінде ақпарат іздеу;
- Экрандық қолжетімдік бағдарламалары мен Брайль дисплейі, оқу машинасымен жабдықталған арнайы жабдықталған жұмыс орнын ұсыну;
- Зағип және нашар көретін пайдаланушыларға арналған оқу курстары.
- Зағип және нашар көретін пайдаланушыларға дербес тифлотехникалық құралдарды пайдалану сұрақтары бойынша кәсіби кеңестер;
- Пайдаланушыларға кітапханада пайдалану үшін тифлотехникалық құралдар ұсыну.


