Зағип пайдаланушыларды абонементтік қамтамасыз ету секторы
Бөлім кітапхана қорында бар басылымдарды кітапхана абонементі, кітапханалық беру пункттері, үй абонементі арқылы оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
Оқырман контингентін қалыптастырып, пайдаланушылар құрамы мен сұранысын, қызығушылықтары мен қажеттіліктерін зерттейді, әдебиеттерді таңдауға көмек көрсетіп, қарызгерлермен жұмыс жүргізеді.
Бөлім оқырмандар арасында ақпараттық жұмыс жүргізіп, оларды жаңа түсімдер туралы жедел ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Қарағандыда тұратын, кітапханаға өз бетінше бара алмайтын кез келген зағип пайдаланушы кітапқа үйге тапсырыс бере алады. Үй абонементі қызметін көруі бойынша мүгедектігі бар адамдар пайдалана алады.


