Тифлология және ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі
Тифлология және ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі барлық санаттағы пайдаланушыларға, мүгедектігі бар жандарға ақпараттық мәдениетті қалыптастыру мен дамытуды, ақпаратқа қолжетімділік пен мәдени, адамгершілік құндылықтарды танымал етуді қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық және кеңестік қызмет көрсетіп, кітапханалық ресурстар мен Интернет жүйесіне қолжетімдікті ұсынады.
Бөлім қызметкерлерінің штаттық құрамы — 5.
Бөлім негізінде Тифлоақпараттық орталық жұмыс істейді.
Бөлім қызметінің негізгі бағыты:
- әлеуметтік аз қамтылған тұрғындарға: мүгедектігі бар ересектер мен балаларға, Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлеріне, көп балалы отбасыларға кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету;
- кітапханалық процесті автоматтандыру жұмысын жүргізу — «ҚР АК ААЖ» автоматтандырылған кітапханалық бағдарлама негізінде анықтама-ізденіс аппаратын қалыптастыру;
- «Тифлология» толықмәтінді деректер базасын қалыптастыру;
- арнайы кітапхана пайдаланушыларын жедел ақпараттандыру үшін Интернет ресурстарын пайдалану;
- арнайы мектеп-интернаттары, мүгедектер қоғамдары және т.б. қоғамдық ұйымдармен бірлесе жұмыс атқару;
- Қазақстандық және басқа да арнайы кітапханалармен, оңалту қызметтерімен өзара ынтымақтастық орнату;
- Баспалық қызмет: ақпараттық-библиографиялық басылымдарды және оқырман сұранысы бойынша кітапхана ішінде пайдалану үшін қазақстандық авторлардың бедерлі-нүктелі қаріпті кітаптарын (1 дана) шығару;
- Теміртау қаласындағы кітапхана филиалы мен кітап беру пунктеріне және т.б. қызығушылық танытқандарға көруі бойынша мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету ерекшелігі туралы кеңес беру;
- көпшілік іс-шараларға қатысу;
- әртүрлі тіршілік әрекеті шектеулі жандардың оңалту және әлеуметтік интеграция мәселелері бойынша ақпараттық ресурстарды қалыптастыру;
Бөлім ұсынатын қызмет:
- библиографиялық сұраныстарды орындау;
- берілген тақырып бойынша ақпарат іздеу;
- деректіграфиялық деректерді іздеу;
- библиографиялық деректерді нақтылау;
- көпшілік, топтық және жеке ақпараттандыру;


