«Кітап – құнды қазына»

 

 

Қарағанды зағип және нашар көретін азаматтарға арналған

арнайы кітапханасының

«Кітап – құнды қазына» ұзақмерзімді оқу бағдарламасы

 

Жоба сипаттамасы: Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктерін өтеп, зағиптардың қоғамнан қалыспай өмір сүрулеріне мүмкіндік туғызып, оқырман сұраныстарын қанағаттандыра, көз нұрынан айрылған жандардың қазақстандық және әлемдік әдебиетке қол жеткізуін қамтамасыз етіп келеді.

Кітап оқу үрдісі әлемдік мәселеге айналған таңда, жаһанға жайылған «екінші сауатсыздық» ұғымының елімізде алдын алуда жас баладан ересектерге дейін, жаппай ел болып кітап оқуда жұмыстар жүргізілуде. Пайдаланушыларға, оның ішінде көз нұрынан айрылған оқырмандарға қызмет көрсетуде, сұранысын өтеп, қажетті басылымдармен қамтамасыз етуде Брайль жүйесі бойынша бедерлі-нүктелі қаріпті кітаптар, «дыбысты» кітаптар, электронды тасымалдауыштардағы басылымдар, әсіресе мемлекеттік тілдегі басылымдар жетіспеушілік тудырады.

Кітап қорын қажетті басылымдармен толықтыруға мемлекеттік бюджеттен жеткіліксіз қаражат бөлінетіндіктен, қорды сапалы басылымдармен толықтыру мүмкіндігі аз. Осы орайда Брайль жүйесі бойынша бедерлі-нүктелі қаріпті кітаптарды шығаратын еліміздегі баспа ісі даму үстінде болғандықтан, оқырман сұранысын өтеуде тиісті басылымдарды оқырман сұранысын ескере, кітапханамызда басып шығарып, кітап қорын толықтыру жұмысы қолға алынған.

Бағдарламаны іс асыру мерзімі: 2021-2023 жылдар

Бағдарлама мақсаты:

пайдаланушылардың заманауи адамныңажырамас сапасындай кітап оқу көзқарасын өзгерту;

оқырмандардың интеллектуалдық потенциалын арттыру;

қоғамның кітап оқу белсенділігін арттыру;

қолжетімді ақпарат тарату көздері арқылы кітап пен кітап оқуды танымал ету;

әлемнің дамыған озық елдерімен салыстырмалы оқырман құзыреттілігін арттыру;

азаматтардың оқырмандық талғамын дамыта, инттеллектуалды, жүйелі оқуға тарту;

кітап пен кітап оқу арқылы азаматтардың шығармашылық потенциалын ынталандыру;

оқырмандық белсенділікті қамтып, оқу қарқынын арттыру;

Бағдарлама міндеттері:

тұрғындардың кітап оқу қызығушылығын арттырып, кітап оқуға баулу;

қоғамның оқымайтын топтарын қамтып, кітап оқуды қолдауға бағытталған әртүрлі тақырыптарда іс-шаралар өткізу;

оқырмандық белсенділікті ынталандыратын инновациялық жұмыс түрлерін дамыту;

тұрғындар арасында үздік туындыларды танымал ету;

қоғамның кітап оқымайтын топтарын тарту;

тұрғындардың кітап оқу қызығушылығын арттыру;

кітапханада кітап оқу мен бос уақыт өткізетін қолайлы орта туғызу;

кітапхананың серіктестік байланыстарын бекіту;

Оқу бағдарламасы негізінде кітап оқу қызығушылығын оятатуда әдебиет, ақын-жазушылар шығармашылығы кеңінен насихатталып, келесі іс-шаралар жүзеге асырылады:

2021 жыл:

«Танымал туындылар» өлкетанулық әдебиеттер апталығы;

«Оқы да, өзгеге сыйла!» буккроссинг (көпшілік жерлерде, автовокзал, ауруханаларда ұсынылатын библиосөрелер);

«Брайльді бірге оқимыз!» акция;

2022 жыл:

«Танысыңыз: жаңа кітап!» (Брайль жүйесі бойынша бедерлі-нүктелі қаріпті кітаптардың тұсаукесерлері);

«Оқуды қолдауға арналған 100 іс» акция;

«Кітап оқыңыз!» букчеллендж;

2023 жыл:

«Отбасымызбен оқимыз!» айлық;

«Қане, кітап оқиық!» кітап аллеясы (саябақ, көпшілік орындарда);

«Сүйікті кітабым жайлы ой-толғау» зағип пайдаланушылар арасында республикалық эсселер байқауы;

Бағдарламадан күтілетін нәтиже:

оқу мәдениетін қалыптастыру;

оқу қажеттілігін дамытып, пайдаланушылардың зияткерлік әлеуетін арттыру;

бәсекелестік қабілетті күшейту, әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыруда кітап оқудың маңыздылығын арттыру;

интеллектуалдық потенциалды жетілдіру;

пайдаланушылардың әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін дамыту.


Навигация по сайту

Погода

Последние новости

Панель управления


Логин
Пароль

Наши социальные сети

Календарь

«    Май 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Баннеры