«Қазақстан – татулық пен бірлік мекені»
Категория: Новости каз | Автор: Admin | Просмотров: 6638
Дата: 31-10-2020, 12:24

Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай «Қазақстан – татулық пен бірлік мекені» атты ең үздік тактильді кітапқа арналған республикалық онлайн байқауын өткізді.

2019 жылы «Әлем алақанда» атты балаларға арналған ең үздік тактильді кітапқа арналған байқау облыстық деңгейде өтсе, биылғы жылы республикалық деңгейде ұйымдастырылды.

Байқауға Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласынан барлығы 33 шығармашылық жұмыс келіп түсті.

Тәуелсіз сапаршы мамандардан құралған зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасының басшысы, қазылар алқасының төрағасы Байұзақов Асхат Құсайынұлы, Павлодар облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының басшысы Кенжебекова Жамал Киянкиновна, Тарас Шевченко атындағы «Рідне слово»
украин тілі бірлестігінің төрағасы Красивская Зеновия Ярославовна, № 1 арнайы мектеп интернатының дефектологы Венгловская Анна Юзьковна, тифлооңалтушы-реабилитолог Высочинский Владимир Александрович шығармашылық жұмыстарды байқау Ережесінің талаптарына сай саралап, бағалады.

30 қазан күні Zoom платформасында байқаудың қорытындысы онлайн жарияланып, әділ қазылар алқасы Гран-при, жүлделі 1 орын, 2 орын, 3 орын иегерлерін және қазылар алқасының шешімімен тағайындалған «Ең ақпараттық кітап», «Ең креативті кітап», «Ең шығармашыл кітап» номинацияларының жеңімпаздарын әйгіледі.

Байқауда Гран-при дипломын және 100000 теңге ақшалай сыйлық сертификатын Қарағанды қаласынан «Сказки народов Казахстана» трилогиясын ұсынған Габдуллина Камила Азаматовна, 1 орын және 80000 теңге ақшалай сыйлық сертификатын Қарағанды қаласы № 1 арнайы мектеп –интернатынан «Национальные блюда народов Казахстана» кітабын ұсынған  Кожакова Наталья Юрьевна мен Муратбеков Амир, 2 орын және 60000 теңге ақшалай сыйлық сертификатын Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының «Үміт» оңалту орталығынан«Мы друзья» кітабын ұсынған Цвирко Анастасия Витальевна мен Чжен Наталья Павловна, 3 орын және 40000 теңге ақшалай сыйлық сертификатын Шымкент қаласы көру қабілеті бұзылған балаларға арналған «Үміт» мектеп-интернатынан Рахимжанова Гүлнар мен Назарова Анаргүл жеңіп алды.

Сондай-ақ байқау тақырыбына сай келмеген, ақпараттық, креативті, шығармашылдығымен ерекшеленген кітаптар арнайы жүлделермен марапатталды. «Ең ақпараттық кітап» номинациясы мен 20000 теңге ақшалай сыйлықты Шығыс Қазақстан облысы, Орал қаласы облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатынан «Узоры Дружбы» тактильді кітабын ұсынған Қожанғалиев Айболат Тоғайұлы мен Балажан Ажар Мергеновна, «Ең креативті кітап» номинациясы мен 20000 теңге ақшалай сыйлықты Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының «Үміт» оңалту орталығынан «Что нам осень принесла» тактильді кітабын ұсынған Чжен Наталья Павловна, «Ең шығармашыл кітап» номинациясы мен  20000 теңге ақшалай сыйлықты Қарағанды қаласынан «Животные Африки» тактильді кітабын ұсынған Майпасов Ораз Абикенович жеңіп алды.

Байқауға атсалыса қатысқан байқау мүшелеріне ризашылығымызды білдіріп, байқау аясында ұсынылған тактильді кітаптардың көзі көрмейтін және нашар көретін балалардың оқу мәдениетін қалыптастыруға зор үлес қосатынын айта кеткіміз келеді.

«Қазақстан – татулық пен бірлік мекені»

 

«Қазақстан – татулық пен бірлік мекені»

 

«Қазақстан – татулық пен бірлік мекені»

 

«Қазақстан – татулық пен бірлік мекені»

 

«Қазақстан – татулық пен бірлік мекені»

 

dle

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Перейти в:

  • Главная     Электронный каталог     Все новости     Подписка     Online продление книг
  • Комментарии:

    Остаить комментарий

    Навигация по сайту

    Погода

    Последние новости

    Панель управления

    
    Логин
    Пароль

    Наши социальные сети

    Календарь

    «    Ноябрь 2020    »
    ПнВтСрЧтПтСбВс
     1
    2345678
    9101112131415
    16171819202122
    23242526272829
    30 

    Голосование


    
    Кітапхана қорында жоқ, төменде келтірілген қазақстандық авторлардың бедерлі-нүктелі қаріпте басылған қандай туындыларын оқығыларыңыз келеді?
    Ауэзов М. Путь Абая (роман-эпопея);
    Жумабаев М. Грехопадение Шолпан (рассказ; )
    Нұрпейісов Ә. Қан мен тер (роман);
    Нұршайықов Ә. «Махаббат, қызық мол жылдар» (повесть);


    Баннеры