«Бір ел – бір кітап»
Категория: Новости каз | Автор: Admin | Просмотров: 262
Дата: 24-01-2020, 10:08

«Бір ел – бір кітап»

 

Кітапханада «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында М. Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы мен Ә. Әлімжановтің «Ұстаздың оралуы» атты шығармаларына арналған суретті-кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Кітапхана қорын жан-жақты ашатын көрмеде электронды тасымалдаушылардағы, бедерлі нүктелі қаріпті, дыбысты әдебиеттер, сондай-ақ қазақ және орыс тілдеріндегі жазық баспалы әдебиеттер ұсынылған.

М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясында ұлы ақынның ғажайып тұлғасын сомдап, қазақ халқының тұрмыс-салты мен бай дәстүрін әлемге паш етті.

Жазушы әрбір роман құрылысын негізгі кейіпкерлерінің жан-дүниесін, рухани өсуін көрсету үшін өзгертіп алып отырады. Бірінші кітап жас Абай қызықтаған жастық романтикасына негізделіп, оның ел тіршілігімен танысып, ашылуын бейнелесе, екінші кітап ақындыққа, ойшылдыққа бетбұрысты танытады. Мұнда жастық романтикасының орны, адамдар арасындағы тартыс айтылады. Үшінші кітап Абайдың өз ортасынан бөлініп шығып, туған халқымен табысуын, халыққа бетбұрысын танытса, төртінші кітапта Абай жолының кеңейіп, қалаға, далаға тарауын, оның үлкен қоғамдық күшке айналуын көрсетеді.

Романда қазақтың ХІХ ғасырдың ортасынан ХХ ғасырдың басына дейінгі жарты ғасырлық әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық саяси өмірі, рухани мәдениеті, діни наным-сенімдері, әрқилы әдет-ғұрыптары, салт-саналары жан-жақты суреттеледі.

Абай өмір сүрген дәуірдің сипаты, халық тағдыры, оның күресі мен ілгері ұмтылысы зор көркемдікпен ашылған. Романда сан алуан көркем ойлар, сарындар, кемел образдар бар.

«Абай жолы» эпопеясында қазақ өміріндегі толып жатқан әдет-ғұрыптың ішінде міндетті түрде орындалатын құда түсу, қыз айттыру, ұрын бару, қыз ұзату, келін түсіру тойлары сияқты дәстүрлі ғұрыптар шебер суреттеледі.

Абай жолын оқығанда, араға ғасыр салған, күннен-күнге алыстап бара жатқан дәуірдің ащы зарын өз құлағыңызбен естисіз, ауыр арпалысын өз көзіңізбен көресіз, алуан адамдардың тұрмысы мен толғанысына ортақ болып, заманның осындай күрделі тарихи-рухани болмысына көз жеткізесіз.

Ә. Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» атты туындысы әдебиетіміздің алтын қорына қазына болып қосылған шығарма. Бұл шығармада X ғасырда  ғұмыр кешкен әл-Фарабидің ғибратты өмірі сөз болады. Музыкалық мәдениеті мен сауатының арқасында жазушы әл-Фарабидің «Музыканың ұлы кітабын» көркем желіге айналдыруға күш салады. Шығармадан шартарапқа білім шырағын жаққан, артына асыл рухани мол мұра қалдырған әл-Фарабидің жарқын бейнесін көруге болады.

 

Келіңіздер, кітаптарды таңдап, бүкіл ел болып бірге оқыңыздар!

dle

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Перейти в:

  • Главная     Электронный каталог     Все новости     Подписка     Online продление книг
  • Комментарии:

    Остаить комментарий

    Навигация по сайту

    Погода

    Последние новости

    Панель управления

    
    Логин
    Пароль

    Наши социальные сети

    Календарь

    «    Сентябрь 2020    »
    ПнВтСрЧтПтСбВс
     123456
    78910111213
    14151617181920
    21222324252627
    282930 

    Голосование


    
    Какую книгу из нижеперечисленных казахстанских авторов Вы хотели бы прочитать рельефно-точечным шрифтом, которой нет в фонде библиотеки?
    Ауэзов М. Путь Абая (роман-эпопея);
    Жумабаев М. Грехопадение Шолпан (рассказ; )
    Нұрпейісов Ә. Қан мен тер (роман);
    Нұршайықов Ә. «Махаббат, қызық мол жылдар» (повесть);


    Баннеры