Шрифт
  • -
    Rectangle 3
  • 100%
    Rectangle 3
  • +
    Rectangle 3
Фон
  • ф
    Rectangle 3
  • ф
    Rectangle 3
Версия для слабовидящих
KZ RU

Наш адресРеспублика Казахстан
100023, г. Караганда ул. Коммуны, 1

Наш телефон +7(7212)53-69-63
Факс: +7(7212)53-69-46

Text here....
29 Апр 2024 18:09

«Ел күші бірлікте»


Бірлік, өзара сыйластық, жасампаздық Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінің синонимі. Осы күнге орай кітапханада «Ел күші бірлікте» атты музыкалық-поэтикалық сағаты өтті.  Музыкалық кеште  Екатерина Федотова мен Абылайхан Кисаевтың орындауында достық, Отан, Қазақстан туралы өлеңдер оқылды. Сондай-ақ, белсенділеріміз Жандығұлова Жанар мен Әділбекова Жанат, Хасенова Ғалима апайларымыз домбыра шанағында қазақ халқының әндері мен күйлерін тартса, «Молодежный» мәдениет үйінің солисті Айдос Мұхаммед және Қарағанды ​​өнер колледжінің студенті Ғабдулина Гауһар көрермендерге өз әндерін ұсынып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Кітапханашылар 1 мамыр Халықтар бірлігі күніне арналған «Қазақстан болашағы - халық бірлігінде» атты кітап көрмесінде ұсынылған әдебиеттерге шолу жасады.  Бұл күні әркім көршісінің ыстық ықыласына бөленіп, бірлігі мен көпұлтты достығымыздың беріктігіне бөленді.


Возврат к списку