Шрифт
  • -
    Rectangle 3
  • 100%
    Rectangle 3
  • +
    Rectangle 3
Фон
  • ф
    Rectangle 3
  • ф
    Rectangle 3
Версия для слабовидящих
KZ RU

Наш адресРеспублика Казахстан
100023, г. Караганда ул. Коммуны, 1

Наш телефон +7(7212)53-69-63
Факс: +7(7212)53-69-46




26 Апр 2024 18:53

«Мүгедектігі бар адамдар үшін мәдени кеңістікті кеңейту»


26 сәуір күні кітапханада әр саланың мамандарының қатысуымен «Мүгедектігі бар адамдар үшін мәдени кеңістікті кеңейту» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысын модератор В.А.Высочинский жүргізіп, іс-шараға атсалыса қатысқан Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Е.Е.Нуксуев, облыстық зағип және нашар көретіндердің мәдениет үйінің басшысы П.М.Угланова, Теміртау қаласы әкімінің мүмкіндігі шектеулі жандар мәселесі жөніндегі штаттан тыс кеңесші А.С.Боев, «Зерек» би-спорттық лигасы» ҚБ жетекшісі Ш.А.Мусин, «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ филиалының облыстық басқармасының қоғамдық қызметкері Ф.Б.Иманакишева мүгедектігі бар жандарды оңалту, бейімдеу бойынша атқарылатын жұмыстарға тоқталып, өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасты.

Библиограф Н.С.Куатбекова «Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік-мәдени оңалту» тақырыбында баяндама ұсынып, қатысушыларды әлеуметтік бейімдеуде атқарылған жұмыстармен таныстырды.

Іс-шара барысында облыстық зағип және нашар көретіндердің мәдениет үйінің басшысы П.М.Угланова кітапханаға зағип авторлар шығармаларынан тұратын «Таинственный шрифт души» кітабын сыйға тартып, кітапхана қорын өлкетанулық шығармалармен толықтырды.


Возврат к списку