Шрифт
  • -
    Rectangle 3
  • 100%
    Rectangle 3
  • +
    Rectangle 3
Фон
  • ф
    Rectangle 3
  • ф
    Rectangle 3
Версия для слабовидящих
KZ RU

Наш адресРеспублика Казахстан
100023, г. Караганда ул. Коммуны, 1

Наш телефон +7(7212)53-69-63
Факс: +7(7212)53-69-46




25 Апр 2024 17:04

«Құқық және заң әлемінде»


 

24 сәуірде ҚР Парламентінің кітапханасында Парламентінің кітапханасында ҚР Парламент Мәжілісі Аппаратының Сараптама-талдау бөлімінің ақпараттық жұмыс және ғылыми-білім беру секторының ұйымдастыруымен «Құқық және заң әлемінде» атты іс-шара өтіп, кітапханамыздың «Саусақ ұшындағы әлем» атты тифлобұрышы ашылды.

Маңызды шараны Қарағанды облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Е.Нелдібаев ашып, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты К.Социалұлымен кітапханамызда жарыққа шыққан бедерлі-нүктелі қаріпті басылымдардың тұсауын кесті.

Іс-шараға қатысқан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Н.Әуесбаев, Г.Нұрымова, Т.Серіков, К.Социалұлы мен Парламент Мәжілісі VІІ сайланымының депутаты, «Білте» қоғамдық қорының президенті, ақын М.Мыса кітапхана басшысы Ғ.Нұрлановпен еліміздегі ақсап тұрған сала - бедерлі-нүктелі қаріпті кітаптарды шығаратын баспахана жоқтығын, оның ішінде балаларға арналған, ғылыми, салалық, сауат ашар әдебиеттердің жетіспеушілігін қозғап, алдағы жұмыс жоспарын талқылады.

Кітапханамыздың тифлопедагог-оңалтушысы В.Высочинский арнайы тифлотехникалық құралдардың шолуын өткізіп, бөлім басшысы Р.Буланбекова кітапханамызда мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік-мәдени оңалтуда атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады.

Кездесу соңында кітапханамызда Брайль жүйесінде жарыққа шыққан 14 атаудан (21 дана) тұратын заңнамалық-құқықтық басылымдар Парламент кітапханасына тарту етілді.

Іс-сапар барысындағы Астана ОКЖ көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында кітапхана меңгерушісі Қуандық Абдусамат іс-қызметтерімен жете таныстырып, «Шәй» тифлотүсініктемелі фильмін көрсетті.


Возврат к списку