Шрифт
  • -
    Rectangle 3
  • 100%
    Rectangle 3
  • +
    Rectangle 3
Фон
  • ф
    Rectangle 3
  • ф
    Rectangle 3
Версия для слабовидящих
KZ RU

Наш адресРеспублика Казахстан
100023, г. Караганда ул. Коммуны, 1

Наш телефон +7(7212)53-69-63
Факс: +7(7212)53-69-46




22 Апр 2024 17:45

«Ертегілер әлемі»


Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы ұйымдастырған көру қабілеті бұзылған балаларға арналған «Ертегілер әлемі» атты облыстық аудиоертегілер байқауының қорытындысына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Байқау қорытындысы бойынша әділқазылар алқасының шешімімен I орынды «Өнердің күші» аудиоертегісі үшін Нұра ауданынан Ахметбекова Гулимай Жумабаевна иеленіп, Диплом және 80000 теңге ақшалай сыйлық Сертификатымен, 2 орынды «Еріншек адам» аудиоертегісі үшін Ақтоғай ауданынан Сейдіғали Әли Нөсерғалиұлы иеленіп, Диплом және 60000 теңге ақшалай сыйлық Сертификатымен, 3 орынды Қарағанды қаласынан «Сказки для Софии-Весенный ветерок» («Придумки от Алинки» сериясынан) аудиоертегісі үшін Морозова (Инжевская) Наталия Ивановна иеленіп, Диплом және 40000 теңге ақшалай сыйлық Сертификатымен марапатталды. Ынталандыру сыйлықтары бойынша «Үздік аудиоқойылым» номинациясын Теміртау қаласынан «Алтын сақа» аудиоертегісі үшін Алиаскарова Жаннұр Нағашбаевна иеленіп, Диплом және 20000 теңге ақшалай сыйлық Сертификатымен, «Лучший чтец» номинациясын Қарағанды қаласынан «Бай-музыкант и Алдар-Косе» аудиоертегісі үшін Тен Роман Вячеславович иеленіп, Диплом және 20000 теңге ақшалай сыйлық Сертификатымен марапатталды.

Жүлдегер жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтап, барлық қатысушыларға зор ризашылық білдіріп, шығармашылық табыс тілейміз!


Возврат к списку