Шрифт
  • -
    Rectangle 3
  • 100%
    Rectangle 3
  • +
    Rectangle 3
Фон
  • ф
    Rectangle 3
  • ф
    Rectangle 3
Версия для слабовидящих
KZ RU

Наш адресРеспублика Казахстан
100023, г. Караганда ул. Коммуны, 1

Наш телефон +7(7212)53-69-63
Факс: +7(7212)53-69-46




18 Апр 2024 18:57

«ЕРТЕГІЛЕР ӘЛЕМІ»


Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы ұйымдастырған көру қабілеті бұзылған балаларға арналған «Ертегілер әлемі» атты облыстық аудиоертегілер байқауының әділқазылар алқасы отырысы өтті.

Облыстық байқауға облыс бойынша Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Саран, Абай, Балқаш, Приозерск қалалары мен Бұқар жырау, Шет, Осакаровка, Ақтоғай аудандары мен Нұра кентінен 61 адам қатысып, мемлекеттік және орыс тіліндегі аудиоертегілерді ұсынды.

Әділқазылар алқасының құрамында төраға: ақын, Қазақстан жазушылар Одағының мүшес, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ аға оқытушысы Кеңесбекова Салтанат Амангелдіқызы мен алқа мүшелері Қазақстан журналистер Одағының мүшесі, «Egemen Kazaqstan» газетінің меншікті тілшісі Ғалым Қасымхан, №1 арнайы мектеп-интернатының тифлопедагогы Марина Викторовна Макарушко шығармашылық жұмыстарды әділ бағалап, жеңімпаздарды анықтады.

Барлық қатысушыларды 22 сәуір күні сағ. 11.00-де Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында өтетін байқау қорытындысына арналған салтанатты іс-шарада күтеміз.


Возврат к списку