20 сәуірде Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі мен Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы музей кеңістігін бейімдеу бойынша бірлескен «Музей бәрі үшін» Меморандумы аясында көруі бойынша мүгедектігі бар жандарға арналған «Этноәлем - сезгіш көздер сезінсе» атты бейімделген көрме-экспозициясын ұймдастырды. Мақсатымыз мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімді музейлік ортаны қамтамасыз ету, олардың өмір сүру сапасын арттыру.
Бейімделген көрме-экспозиция көруі бойынша мүгедектігі бар жандарға қазақ халқының ұлттық баспанасы – киіз үймен танысуға көмектесті. Экскурсия жүргізушісі киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі- шаңырақ, жылжымалы тор көз – кереге, кереге басы мен шаңырақты жалғастыратын ағаш – уықтың
жасалу жолдары туралы айтты. Бұл көрме-экспозицияда пайдаланушылар тактильді қабылдау арқылы қазақ халқының ұлттық мәдениеті туралы түсініктерін байытты. Тактильді таныстыруға 16 экспонат ұсынылды.