Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы


ТИФЛОАҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҚ

Highslide JS

   Тифлоақпараттық Орталық –әдістеме-библиографиялық және тифлология бөлімдерінің базасында жұмыс істейтін, оқырмандарға дәстүрлі кітапханалық қызмет көрсетуге қосымша заманауи ақпараттық технологияларды ұсынатын кітапхананың құрылымдық бөлімі. 2007 жылы «Преодолеть ступень» жобасы аясында жасалды, мақсаты- нашар көретін және зағип адамдарға өз бетімен оқуға, әр түрлі тасмалдашылардағы ақпараттарға қол жеткізуге жағдай жасау.    Орталық денсаулығы бойынша мүмкіндіктері шектеулі адамдардың бейімделу мүмкіндіктерін көтеруге жәрдемдесетін, технологиялық базамен жабдықталған. Кітапхана қызмет көрсетудің дәтүрлі емес бағыттарын игеруге тырысады. Бұл шараның айғағы, зағип және нашар көретіндер үшін әр түрлі пішіндегі: рельефті-нүктелік, ірішрифті және сандық-дыбыстық жазбалар; анықтамалық, оқыту, әдістемелік, нормативті-құқықтық, көркем әдебиетті қолжетімді пішінде бастырып шығару; ақпараттарды сандық диктофондарға дыбыстап жазу. Орталықтың қызметтерін ересек және бала мүгедектер, олардың отбасы мүшелері, зағип балалар мектебінің оқушылары, студенттер, қызметкерлер, білім саласының мамандары, мекемелер қызметкерлері, әлеуметтік және шығармашылық бейідеумен айналысатындар пайдаланады. Кітапхананың барлық қызметтері тегін. Орталық зағип қолданушылар үшін үш автоматтандырылған жұмыс орнымен жабдықталған, оған енетіндер:
► «JAWS» экранды қолжетімді бағдарлама;
► Брайльдік Focus 40 Blue портативті тактильді дисплейі;
► Eye-Pal Solo оқитын машина;
► Index Everest-D V4 Брайльдік принтері;
► Тифломагнитола;
► Стационарлы PlexTalk тифлофлешплеер.
   Тифлоақпараттық орталықтың көрсететін қызметтері:
Кітапханада көрмеуі бойынша мүгедектерге арналған компьтерлік курстар ұйымдастырылған:
«Базалық курс» көзі көрмейтіндерді компьютерде жұмыс істеуге үйрету;
«Ғаламторда жұмыс істеу» оқыту курсы WEB- Wizard және электронды поштаның көмегімен, JAWS бағдарламасының көмегімен «ААЖ-ҚР АК» ЭК-мен көзі көрмейтіндерді жұмыс істеуге үйрету.

Тифлоақпараттық орталыққа қош келдіңіздер!


Жұмыс уақыты:
Дүсенбі – жұма: 09.00 - 18.00
Демалыс күні – сенбі, жексенбі
Мекен-жайы : 100023, Қазақстан, Қарағанды қ., Коммуна көш. 1

Курстарға жызылу әдістеме-библиографиялық және тифлология бөлімдерінде немесе мына телефондар арқылы жүргізіледі : +7(7212)53-69-63


Сайт бойынша навигация

Ауа райы

Соңғы жаңалықтар

Басқару панелі


Логин
Пароль

Күнтізбелік

«    Ноябрь 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 

Дауыс беру



Как часто вы посещаете библиотеку?
1 раз в год
1 раз в пол года
раз в 3 месяца
регулярно
вообще не хожу


Баннерлер

біздің әлеуметтік желілер