Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы


Арнайы абонемент

Highslide JS

   Арнайы абономент кітапхананың кешенді құрылымдық бөлімі болып табылады және Қарағанды облысы зағип және нашар көретін азаматтарына, олардың отбасындағы мүгедек мүшелеріне, көруі нашарлаған балаларға арналған мектеп оқушыларына, студенттерге, ҚЗҚ ОӨК жұмыскерлеріне, әлеуметтік және шығармашылық оңалту проблемаларымен айналысатын мамандарға Кітапхана қорында бар басылымдарды үйлеріне беруді және ақпараттық қызмет көрсетуді жүзеге асырады. айналысады.
   Бөлімшелерде түрлі білім саласы бойынша әдебиет, CD және DVD тасығыштарындағы электронды басылымның жиынтығы, тактильді және «сөйлейтін» кітап, жалпақ басылымды, рельефті-нүктелік және ұлғайтылған қаріптегі басылымдар, рельефті-графикалық құралдар шоғырланған. Қолданушы барлық қажет басылымды кез келген тасығышта мерзімі – 1 айға ала алады.
  Арнайы абономент зағип қолданушының мәдениетін қалыптастырудың негізгі шарты болатын зияткерлік және шығармашылық мүмкіндігін дамытады, оқырмандар контингентін қалыптастырады, зағип қолданушылардың құрамын, олардың сұранысын, қызығушылықтарын зерттейді; оқу, ғылыми және қоғамдық қызметіне қажет әдебиетті таңдауға, өзіндік білімін көтеруде кітапханалық қызметті ұйымдастырады.
   Осы салада арнайы білім мен тәжірбиеге ие мамандар көруі терең бұзылған қолданушылар арасында мол ақпараттық жұмыс атқарады, оларды кез келген тасығышта келіп түскен жаңа әдебиеттер туралы ақпаратпен жедел түрде қамтамасыз етеді, толыққанды, сапалы қызмет көрсете отырып, жайлы жағдай жасайды. Барлық кітапханалық қызмет көруі бойынша мүгедектің ақпаратты қабылдай алу алғырлығы мен мүмкіндігіне бейімдейді.
   Осы салада арнайы білім мен тәжірбиеге ие мамандар көруі терең бұзылған қолданушылар арасында мол ақпараттық жұмыс атқарады, оларды кез келген тасығышта келіп түскен жаңа әдебиеттер туралы ақпаратпен жедел түрде қамтамасыз етеді, толыққанды, сапалы қызмет көрсете отырып, жайлы жағдай жасайды. Барлық кітапханалық қызмет көруі бойынша мүгедектің ақпаратты қабылдай алу алғырлығы мен мүмкіндігіне бейімдейді.
   Арнайы абонемент электрондық каталогтағы, каталог пен картотекалардан, жаңа әдебиет түсілімінен кез келген форматтағы ақпаратты іздеуге кеңестік көмек көрсетеді.
   Арнайы абонемент түрлі тасығыштағы әдебиет пен «сөйлейтін» кітаптарды қолдану мен сақтау, тифлотехниканы қолдану бойынша жеке кеңестер береді.
   Арнайы абономентте зағип оқырмандар үшін аптасына 1 рет дауыстап оқу үйірмесі өткізіледі.
   Еліміздің және әлемнің маңызды проблемалары бойынша кітап қоры мен виртуальді ақпарат кітап көрмелерінде, ашық көрсетілімде, тақырыптық сөрелерде тақырыбы мен мазмұны әртүрлі болып келеді. Кітапхананың арнайы абонементі жанында мүмкіндіктері шектеулі адамдарды, әдебиет, поэзия, ұлттық және әлемдік мәдениетке немқұрайды қарамайтын адамдарды біріктіретін «Собеседник» оңалту-көңіл көтеру клубы жұмыс атқарады.
   Үйде оқу абономенті салалық бөлімшесі арқылы 60 жастан асқан зағип қолданушыларға, көруі бойынша мүгедектерге, қосымша мүгедектігі бар адамдарға, сонымен қатар Қарағанды қаласында тұратын олардың отбасылары тоығымен зағип адамдардан құралғанда ақпаратпен қамтамасыз ету жүзеге асырылады. Қолданушыға бір барғанда 4-5 атаулы рельефті-нүктелік қаріптегі әдебиет, 5-6 атулы «сөйлейтін» кітаптар, 2-3 электронды тасығыштағы кітаптар беріліп, жеткізіледі. Арнайы форматтағы басылым 1 айға қолдануға беріледі. Пайдалану мерзімі қолданушы өтінішіне орай ұзартылуы мүмкін. Қолданушыларға тапсырылған әдебиетпен бірге барлық тасығыштағы жаңа түскен әдебиеттер тізімі, кітапхана шығаратын библиографиялық құралдар туралы ақпарат үйге жеткізіледі. Әдебиет таңдауда міндетті түрде оқырмандар қызығушылықтары мен сұраныстарына орай сұраныс-тізімі бойынша кеңес телефон арқылы беріледі. Телефон бойынша тифломагнитафондарды қолдану, «сөйлейтін» кітаптарды тыңдау және сақтау бойынша нұсқама өткізіледі. Сыртқы абонемент Қарағанды облысы аймағында тұрып жатқан зағип және нашар көретін қолданушыларды пошта бөлімінен бандероль арқылы электрондық тасығышта, аудиокасетадағы «сөйлейтін» кітаптарды, рельефті –нүктелік қаріптегі әдебиетті жіберіп тұрады. Оқырмандар сұранысы жедел түрде қанағаттандырылады. Әдебиет 1 ай мерзімге беріледі. Қолдану мерзімі қолданушы сұранысына орай 2 айға ұзартылуы мүмкін. Тапсырылған әдебиетпен бірге сырттай абономент қолданушыларына жаңа түсілім тізімі, оқуға ұсынылатын тізім мен жеке оқу жоспары да жіберіледі. Телефон арқылы кітап тақырыптарына таңдауға кеңестік көмек көрсетіледі.


Сайт бойынша навигация

Танымал

Ауа райы

Соңғы жаңалықтар

Басқару панелі


Логин
Пароль

Күнтізбелік

«    Апрель 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Дауыс беру



Как часто вы посещаете библиотеку?
1 раз в год
1 раз в пол года
раз в 3 месяца
регулярно
вообще не хожу


Баннерлер

біздің әлеуметтік желілер