Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы


Кітапхана ережесі

   

Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасын пайдалану ережелері


1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


    1.1 Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана заңды тұлға мәртебесі бар коммерциялық емес ұйым болып табылады. Қарағанды облысы және Қарағанды қаласының зағип мүгедектеріне кітапханалық және ақпараттық – библиографиялық қызмет көрсету үшін құрылған ұйымдастырушылық – құқықтық түрдегі мекеме.
    1.2. Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана қызметінің мақсаты: заманауи технологияларды, телекоммуникативті құралдарды, дүние жүзілік ғаламтор желісін пайдалану негізінде және кітапхана бөлімдеріне (бөлімшелерге) көзі көрмейтін мүгедектерге қызмет көрсету саласында әдістемелік және практикалық көмек жасау. Кітапхана өз қызметін Қазақстан Республикалық заңдарына, Қазақстан Республикасының мәдениет Министірлігінің нормативтік актілеріне, кітапхана жарғысына және аталмыш «Ережелерге» сәйкес орындайды.
    1.3. Кітапханалық қорда 3 түрлі баспа өнімі бар: рельефтік-нүктелі қаріптермен дайындалған, дыбыс арқылы жасалған, жалпақ баспа қарпі және облыстық әлеуметтік-экономикалық, ұлттық ерекшеліктеріне сәйкес барлық білім сапалары бойынша әдебиет, облыс көлемінде тұратын халықтарға арналған қазақша, орысша және өзге ТМД елдерінің тілінде дайындалған баспа өнімдері бар. Кітапхана қорына түскен барлық қағазды таратушы, аудиовизуалды және өзге таратушылар есепке алынады. Қажетті құжаттарды іздеу үшін көмекке анықтамалық – ізденіс ақпараты толтырылады, дәстүрлі карточкалық каталогтар және картотекалардан құралып, 2 түрлі: рельефтік-нүктелі және жалпақ баспалы қаріптер арқылы дайындалған.
   1.4. Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының көмегімен ақысыз түрде Қарағанды облысының зағип мүгедектері; олардың жанұя мүшелері; көзі көрмейтін және нашар көретін оқушыларға арналған мектеп-интернат, мамандандырылған бала бақшада тәрбиеленушілер және Қазақ соқырлар қоғамында (қызмет ететін) соқыр және нашар көрушілер мәселелерімен айналысатын көзі көруші қызметкерлер пайдаланады. Кітапхана зағип мүгедектерге және өзге санаттағы мүгедектерге ақпаратқа тең, еркін қол жеткізуге, денсаулығының, психологиясының және өзге ерекшеліктерін еске ала отырып, жағдай жасайды.
   1.5. Кітапхана пайдаланушыларға аптасына 6 күн қызмет көрсетеді, күн тәртібіне сәйкес, бұл күндерге демалыс, мейрам, тазалық күндері кірмейді.


2. КІТАПХАНАҒА ЖАЗЫЛУ ТӘРТІБІ


    2.1. Кітапханаға жазылу төлқұжат немесе тұлғаны куәләндіруші өзге құжат арқылы өткізіледі. Көзі көрмейтін мүгедектер сонымен қатар ҚСҚ мүшелік билетін немесе мүгедектігін дәлелдейтін өзге құжатты көрсетеді. Кітапханаға жазыларда оқырман формулярын толтыруға қажетті мәліметтер баяндалады. Кәмелетке толмаған азаматтар Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханаға баланы заңды түрде таныстырушы ата-аналары, не солардың орнындағы кісілердің куәлігі негізінде жазылады.
    2.2. Кітапханаға жазыларда пайдаланушы кітапхана пайдалану Ережелерімен танысады және оларды орындауға міндетті екенін формулярға қойылған қолымен бекітеді. Көзі көрмейтін пайдаланушыны Ережелерімен қызметкер таныстырады және оның орындалатын міндеттерін формулярға өзі толтырады.
    2.3. Оқырманның және кітап формулярлары пайдаланушыға кітапхана қорынан берілген баспа өнімі және материалдарының уақыты және қайтару мерзімін куәландыратын құжаттар болып табылады.
    2.4. Өзге қаладан келген және шет елдерден келген көруі нашар мүгедектер немесе кәсіби түрде мүгедектер және мүгедектік мәселесімен айналысушыларға қызмет оқырмандар залында көрсетіледі.
    2.5. Жыл сайын пайдаланушылардың қайта тізілуі өткізіледі.


3. КІТАПХАНА ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ


    3.1. Кітапхананың көзі көрмейтін пайдаланушылары Кітапхана қорынан баспа өнімдері мен өзге құжаттарды келісілген мерзімге ақысыз алуына құқықтары бар:
- кітапхана қызметі туралы, кітап қорларының барлық түрінің құрамы туралы каталогтар және картотекалар жүйесі арқылы толық ақпарат алуға, кітапханалық ақпараттанудың өзге түрлерін пайдалануға;
- ақпарат көзін іздеу және таңдау жөнінде ақыл-кеңестік көмек алуға;
- библиографтардан және өзге кітапхана қызметкерлерінен библиографиялық анықтама алуға;
- кітапханадағы «сөйлейтін» кітаптарды таңдауда, өзге аудиовизуалды материалдарды таңдауға, сонымен қатар дыбыс жазушы аппараттарды магнитофон, плеер пайдалану туралы электрондық жабдық, көмекші тифлотехника құралдарын пайдалану жөнінде кеңес алуға құқықтары бар.
    3.2. Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананы пайдаланушыларға ақысыз көрсетілетін қызметтері:
- жеке және топтық түрде оқитын кісі арқылы кітап оқу;
- пошта арқылы репродукциялық баспа өнімдерін жіберу;
- телефон арқылы алдын-ала тапсырылған кітаптарды кітапхана көлігімен жеткізіп беру;
- ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз тифлотехникалық құралдар және электрондық көмекші құрылымдармен жұмыс жасау мүмкіндігі.
    3.3. Өзге санаттағы кітапхана пайдаланушылары сонымен қатар 2004 жылдың 5- қаңтарында кітапхана директоры бекіткен «Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға көрсетілетін ақылы қызмет түрлеріне» сәйкес қосымша ақылы қызмет алуға құқығы бар.
    3.4. Оқырмандарға берілетін құқықтар:
- кітапхана өткізетін барлық іс-шараларға қатысу;
- кітапханада жанында құрылған әртүрлі кеңестер (жәрдем көрсетушілік, оқырмандық), өзге қоғамдық бірлестіктер құрамына кіруге;
- жазбаша немесе ауызша түрде кітапхана қызметі туралы өз пікірін айтуға, жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізуге: құқықтары бар.
    3.5. Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана пайдаланушыларының міндеттері:
- кітапхана пайдалану Ережелерін сақтау, қоғамдық тәртіптің жалпыға арналған қалыптарын сақтау, кітапхана қызметкерлерінің еңбегін және өзге пайдаланушылар құқықтарын сыйлай тұрып, Қарағанды облыстық мамандандырылған кітапхана мүлкіне ұқыптылықпен қарауға міндетті.
Ережелерді еркінен тыс немесе әдейі бұзған пайдаланушылар кітапхана әкімшілігі бекіткен түрде және ақылы көлемде компенсация төлейді;
- құжаттарды келісілген мерзімде кітапханаға қайтаруға;
- кітапхана қорындағы баспа өнімдері мен құжаттарын жоғалтса немесе бүлдірсе, соған сәйкес басқалармен айырбастау (сонын ішінде баспа өнімінің жоғалған көшірмесі) немесе кітапхана қызметкерлерінің келісімімен тең бағалы құжат тапсыру қажет. Айырбастау мүмкіндігі болмаса – аталмыш мерзімге сәйкес жоғалған құжаттың базар бағасының есебімен ақысын төлеуге міндетті;
- рельефті-нүктелі қаріппен дайындалған баспа өнімдерінің негізгі бағасын өтеу;
- «сөйлейтін» кітап бүлінсе немесе жоғалса кітапханаға сол тектес таспалар санын қайтару немесе негізгі бағасын төлеу;
- электрондық жабдықтағы бүлінген, бұзылған жерлері немесе аудио материалдың бүлінгені туралы кітапханашыға баяндау, бұзылғанын өз бетінше жөндемеу.


4. КІТАПХАНАНЫҢ БӨЛІМШЕЛЕР ҚЫЗМЕТІН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ


    4.1. Абонеметтерді пайдалану ережелері:
    4.1.1. Абонемент – белгілі бір мерзімге және белгілі шарт бойынша құжаттарды кітапханадан тыс жерде пайдалануға беретін жүйелік бөлім. Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының бөлімдері:
- арнайы абонемент;
- жалпы бұқаралық абонемент;
- үйде қызмет көрсететін абонемент;
- сырттай абонемент;
    4.1.2. Абонемент пайдаланушыға бес атаулы әр түрлі баспа өнімі, 30 күнге дейінгі мерзімге беріледі, нота өнімдері – 2 айға дейінгі мерзімге қолға беріледі. Құжатты пайдалану мерзімі өзге пайдаланушыдан сұраныс болмаса ұзартылады. Кітапхана сұранысы жоғары баспа өнімдерін қолда ұстау мерзімін қысқартуға құқығы бар. Әрбір қолға алған құжат үшін пайдаланушы (көзі көрмейтін мүгедектер есептелмейді) формулярға қол қоюға міндетті.
    4.1.3. Сырттай абонемент пайдаланушыларға репродукцияланған баспа өнімдер («сөйлейтін» кітаптар, рельефті-нүктелі қаріптермен басылған құжаттар) 30 күнге дейінгі мерзімге жіберіледі, жіберуге кеткен мерзім есепке алынбайды. Құжатты салып жіберу және кітапханаға қайтару ақысыз өткізіледі.
    4.1.4. Үйдегі абонемент бөлімі 60 жастан асқан немесе қосымша мүгедектігі бар Қарағанды қаласында тұратын көзі көрмейтін пайдаланушыға көрсетілетін қызмет түрі, телефон бойынша күні бұрын тапсырылған репродукциялық баспа өнімдері кітапхана автокөлігімен үйге жеткізіліп беріледі.
    4.2. Оқырмандар залын пайдалану Ережелері:
    4.2.1. Оқырмандар залы – құжаттармен кітапханада пайдалануға мүмкіндік беретін жүйелі бөлім.
    4.2.2. Оқырмандар залында пайдалануға берілетін шығармалар және өзге баспа өнімдер саны шектелінбейді.
    4.2.3. Сирек кездесетін және құнды материалдар, анықтамалық баспа өнімдерінің жалғыз қалған даналары үйге берілмейді.
    4.2.4. Көзі көрмейтін пайдаланушының аптасына 3 сағаттан (кітапхана мүмкіндігіне қарай) кәсіби және оқулық әдебиеттерді кітапхана ішінде оқырман – кітапханашының оқып беру қызметін пайдалану құқығы бар.
    4.2.5. Кітапхананың тифлотехникалық бұрышында көзі көрмейтін мүгедектерге тифлотехникалық құралдар мен электрондық көмекші құралдарды өз бетінше пайдалану құқығы беріледі.


5. КІТАПХАНАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТАРЫ


    5.1. Кітапхананың міндеті:
- мүгедектердің еркін түрде тең құқықта ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету;
- пайдаланушыларға ең қолайлы жұмыс тәртібін белгілеу;
- пайдаланушыларға заманға, уақыт талабына және ақпараттық қажеттілікке сай библиографиялық, ақпараттық, кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
- қажетті тифлотехникалық құралдар және заманауи адаптациялық технологиялардың пайдаланатын автоматтандырылған жұмыс орындарын ұйымдастыру;
- ғылыми мақсаттан басқаға пайдалануға мәліметтерді пайдалануға тыйым салу;
- кітапханалық қордың комплектілеуін, есепке алынуын, сақталуын және пайдалануына мүмкіндік беріп, қызмет атқару;
- кітапханаға қолға берілген баспа өнімдерінің дер кезінде қайтарылуын бақылау;
-мүгедектерді әлеуметтік қорғау мақсатында қоғамға тарту, бұқаралық және жеке жұмыс арқылы әлеуметтік мәдени қызмет ұйымдастыру, клубтар, үйірмелер, білім алу орталықтары, әртүрлі қызығушылық жөніндегі бірлестіктер ашу.
    5.2. Кітапхана құқығы:
- Қазақстан Республикасының мәдениет Министірлігінің келісімімен «Кітапхананы пайдалану Ережесін» бекіту;
- пайдаланушының жасаған моралдық және материалдық зиянының түрін анықтап, айып көлемін, қосымша ақылы қызметтер түрлері мен бағаларын белгілеу.
    5.3. Кітапхананың жұмыс тәртібін Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың әкімшілігі облыстық мәдениет Департамент келісімі арқылы белгіленеді және директоры бекітеді.


Сайт бойынша навигация

Ауа райы

Соңғы жаңалықтар

Басқару панелі


Логин
Пароль

Күнтізбелік

«    Ноябрь 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 

Дауыс беру



Как часто вы посещаете библиотеку?
1 раз в год
1 раз в пол года
раз в 3 месяца
регулярно
вообще не хожу


Баннерлер

біздің әлеуметтік желілер