Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы


Әдебиетті сұрыптау, сақтау, өңдеу және кітапханалық үрдісті автоматтандыру бөлімі

Highslide JS Highslide JS

Бөлім басшысы - Шулежко Татьяна Владимировна


БӨЛІМ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ДЕРЕК


   Бөлім жұмысының басты мақсаты – қоғамның, экономика мен ғылымның дамуына қатысты түрлі мәселелерде танымдық, ақпараттық, тарихи маңызы бар арнайы кітапхананың кітап қорын, барлық басылымдағы құжаттарды мақсатты, жоспарлы, жедел түрде қалыптастыру, модельдеу болып табылады. Кітапхана қорының оқырмандардың кез келген сұранысына жауап беру мүмкіндігіне, РНҚ басылым мен жалпақ басылымды әдебиеттің, дыбысталған әдебиеттің, сонымен қатар электрондық тасығыштағы әдебиеттердің толық жинақталуына жауапты. Жаңа ақпараттық технологиялар мен компьютерлік технологиялар оқырмандарға қызмет көрсету мүмкіндігін кеңейте түсті. Біздің кітапхана өз оқырмандарын қызықтыратын ақпаратты кез келген форматта қамтамасыз етуге тырысады.Кітап қорының 70 % астамы баламалы форматты құрайды. Бұл Брайль жүйесіндегі рельефті-нүктелі қаріптегі кітаптар, грампластинкалар, бумалардағы және компакт- кассеталардағы аудиокітаптар мен CD-ROM электронды тасығыштарындағы кітаптар. br>     Бөлім жұмыс барысында кітапханада электрондық басылымдарды жинақтап, «Дыбыс арқылы әлемге» -«Мир через звуки» Медиотекасын құрған. Онда балаларға қазақ тілі, орыс тілі, неміс тілін үйренуге арналған әртүрлі ертегілер, аңыздар, өлеңдер мен әндер, оқушыларға физика, химия, астрономия танымдық оқуға, студенттер үшін тарих, философия, бух.есеп, экономиканы оқып-үйренуге мүмкіндік беретін құралдар ұсынылған. Бөлім кітапхана қорындағы барлық түрдегі әдебиетті мемлекеттік тілде, орыс тілі және басқа тілдерде каталогтау және классификациялық өңдеу қызметін атқарады. Жаңа әдебиетке сұранысты қосымша-анықтамалық (сұрыптауға дейінгі картотека) жүйемен зерделейді, басылымдық және кітап сату және басқа ақпараттық тізім библиографиясын тексереді, санын анықтайды және орындалуын бақылайды. Кітапханаға келіп түскен әр басылым кітапхананың барлық каталогында өңдеуден өтіп, бейнеленеді.    Бөлімнің негізгі қызметі: 1. Кітапхана қызметінде компьютерлік технологияларды енгізу және қолдау. 2. Кітапхананың негігі кітапханалық үрдісін кешенді автоматтандыру: кітапхананың электронды каталогын қолдану мен ақпараттық инфроқұрылымын құру. 3. Кітапхананың компьютерлік паркін жұмыс қалпында қолдау. 4. Интернет ресурстарына қолжетіжділікті ұйымдастыру. 5. Кітапхана сайтын техникалық қолдау мен жүргізіп отыру. 6. Кітапхана қызметкерлерінің компьютерлік білім алу жүйесін енгізізу және үзіліссіз жете зерттеу. 7. Әдебиетті сұрыптау, сақтау, өңдеу, кітапханалық үрдісті автоматтандыру мәселеріне байланысты Қазақстан Республикасының басқа кітапханаларымен бірлесе қызмет ету.    Кітапхана жыл сайын мерзімдік басылымға жазылуды жүргізеді, 250 данаға тарта газет-журналдар, соның ішінде рельефті-нүктелік қаріптегі журналдар.    Кітапхана қорын толықтыру үшін мына жеткізушілермен бірлесе жұмыс атқарылады: Оңтүстік Қазақстан дыбыс жазба студиясы, Алматы дыбыс жазба студиясы, «Орман» ЖШС, «Дом книги Сары-Арка» ЖШС, «Деловая литература» ЖШС, Мәскеу қ. ИПТК «Логос» және т.б.    Кітапханада 2007 жылдан бастап «ҚР АК ААЖ» кітапханалық үрдісті автоматтандыру электрондық каталогы орнатылды.    Әдебиетті сұрыптау, сақтау, өңдеу, кітапханалық үрдісті автоматтандыру бөлімі штатын 4 қызметкер құрайды.


Сайт бойынша навигация

Ауа райы

Соңғы жаңалықтар

Басқару панелі


Логин
Пароль

Күнтізбелік

«    Ноябрь 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 

Дауыс беру



Как часто вы посещаете библиотеку?
1 раз в год
1 раз в пол года
раз в 3 месяца
регулярно
вообще не хожу


Баннерлер

біздің әлеуметтік желілер