Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы


Кітапхана тарихы

Highslide JS Highslide JS

1969 жылдың қазан айында Қазақ ССР мәдениет Министрлігінің ұсынысымен Қарағанды мәдениет бөлімі жанында зағип және нашар көретін азаматтарға арналған қалалық арнайы кітапхана ашылды. Кітапхана меңгерушісі болып жоғары педагогикалық білімді, бала жасынан мүгедек Курмаев Ришат Каримович тағайындалды. Ол тағайындалуға дейін Қарағанды қаласы көруі бұзылған балаларға арналған оюлыстық мектеп-интернатта оқытушы қызметін атқарды. Бірнеше жыл бойы ҚЗҚ ОӨК төрағасы болды. Кітапхана Амангелді, 22 көшесіндегі қалалық зағиптар қоғамының ғимаратында орналасты. Кітапхана штаты: меңгеруші - Курмаев Р. К., кітапханашы – Гонеман И., оқырмандар залының меңгерушісі – Щербинина В. 1973 жылдың қаңтар айында – Облыстық мәдениет басқармасының бұйрығымен зағип және нашар көретін азаматтарға арналған қалалық арнайы кітапхана облыстық кітапхана болып қайта аталды. Highslide JS Бұл уақытта кітапхананың кітап қоры жалпақ басылымды әдебиет 4 мың данаға және брайльдік кітап түбіртегі 10 мың данаға өсті. Кітапхана меңгерушісі болып жоғары кітапханалық білімі мен кітапхана жұмысында үлкен жұмыс өтілі бар Письменская Валентина Григорьевна тағайындалды. Осы кезеңнен бастап Қазақ соқырлар қоғамының зағиптарды арнайы магнитофондармен қамтамасыз ету жұмысы жақсара түсті. Зағиптарға арналған қазақ соқырлар қоғамы әр зағиптың кезекпен дыбысталған әдебиетті оқуға техникалық құралдармен, яғни магнитофонмен жабдықтайтын орталыққа айналды. Highslide JS Кітапхана 1973 жылы маусым айында Облыстық зағиптар қоғамының басқармасы арқылы бірінші рет 40 бума (9-10 атау) дыбысталған кітап алды. Осы жылы Облыстық кітап сатумен Мәскеу қаласынан брайльдік әдебиетті жоспарлы жеткізуге келісім жасалды. 1974 жылдан бастап көшпелі-кітапханалар ұйымдастырылды. Алдымен – 2: Саран және Балхаш қалаларында. Саран қаласында осындай кітапхана Саран зағиптар қоғамының алғашқы ұйымында құрылды. Осы кітапханаға кітапты сүйіп оқитын, әдебиетті кеңінен насихаттаушы, ҚЗҚ төрағасы В.Г.Балчевиц меңгеруші болды. Уақыт өте келе облыстық кітапхананың зағип оқырмандарға үйде және сырттай оқу абономент мүмкіндігі пайда болды. Осы мақсатта Қазақ зағиптар қоғамы Басқармасы (төрағасы – В.М.Чечулин) айына 2 рет көлік бөлді. Үйде оқитын оқырмандар қатары арта түсті. Сонымен қатар кітапхананың кітап қоры да өсе бастады. Мерзімдік басылым, жалпақ басылымды әдебиет және брайльдік кітаптарға қаражатты Облыстық мәдениет басқармасы бөлді, кітапхана штатын да облыстық мәдениет басқармасы қаржыландырды. Ал «сөйлейтін» кітаптар мен оларды қосарлауға арналған магнитті таспаларға зағиптар қоғамы ақша бөлді, яғни Республикалық зағиптар қоғамы Облыстық ҚЗҚ басқармасы арқылы барлық техникалық құралдарға, кітапхана жабдықтары мен дыбысталған әдебиетке төлем жасады. Highslide JS Кітапхана 1974 жылдың қазан айынан бастап Амангелді, 22 көшесінде орналасқан дымқыл ғимараттан Ударная, 2 көшесіндегі ҚЗҚ ОӨК Басқармасының ғимаратына көшті. Бұл жер басында кеңдеу болды және кітап қорының түрлеріне, абономент, оқырмандар залының орналасуына жеткілікті болды. Барлық жұмыс облыстың зағип адамдарына оқуға тартуға бағытталды. Олардың саны 1300 адамнан асты. Бұл жұмысқа облыстық ҚЗҚ басқармасы, ҚЗҚ алғашқы ұйымдары, қаланың зағиптарға арналған мәдениет Үйлері, көруі нашарлаған балаларға арналған мектеп-интернаттар жұмыла көмектесті. Highslide JS Оқырмандарға қызмет көрсетумен сол жылдары Сергеева Ольга Васильевна, Романова Наталья Алексеевна айналысты. Бүгінгі таңда олар зағип оқырмандармен жұмыс атқаруда мол тәжірбиелері бар, жоғары білікті мамандар болып танылады. Кітапхана 1994 жылы Коммуна, 1 көшесінде орналасқан «Роза» балалар бақшасының жаңа ғимаратына көшкен. Содан бері кітапхана өзінің кітап қорын анағұрлым кеңдеу ғимаратқа орналастырған. Қарағанды облысы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың барлық қызметін Усенова Нуржан Каиргельдыевна басқарып келеді.


Сайт бойынша навигация

Ауа райы

Соңғы жаңалықтар

Басқару панелі


Логин
Пароль

Күнтізбелік

«    Ноябрь 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 

Дауыс беру



Как часто вы посещаете библиотеку?
1 раз в год
1 раз в пол года
раз в 3 месяца
регулярно
вообще не хожу


Баннерлер

біздің әлеуметтік желілер