Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы


Оқырмандар залы

Highslide JS

   Сіздерді кітапхана қорында бар, тек қана оқырмандар залында қолдануға болатын, баспа басылымын ұсынатын, қолданушыларға ақпараттық және анықтама-библиографиялық қызметті қамтамасыз ететін оқырмандар залы шақырады. Оқырмандар залының басты жұмыс істеу принципі – барлық категориядағы қолданушылардың қорға қолжетімділігін қамтамасыз ету, зағип қолданушыға ізденісте тиімді жолдарын табу. Оқырмандар залында қордың салалық және көркем әдебиет басылымдары жинақталған: энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалар; социология, психология, тіл тану, экономика, заң ғылымдары бойынша оқу құралдары, соның ішінде электрондық тасығыштардағы, рельефтік-нүктелік қаріптегі басылым. Қазақ және орыс тілдерінде (250 атаулы газет, журналдар жыл сайын жазылып алынады) республикалық, жергілікті және ресейлік түрлі бағыт пен мазмұндағы басылым кеңінен ұсынылады. Зағип және нашар көретін қолданушылар үшін газет-журналдық ақпарат тақырыптық дыбыстық жинақ қатарын кеңейтеді. Бұлардың барлығы анықтамалық- ізденіс аппарат көмегімен кеңістігін аша түседі.
   Әдістемелік- библиографиялық жұмыс пен тифлология бөлімімен бірлесе отырып, қолданушыларға анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсету электрондық каталогтар, басылымдық каталогтар мен картотекалар, атап айтқанда, өлкетану, тифлология бойынша жүйелі газет-журнал мақалалары; жаңа түсілім, экспозициялар мен әдеби көрсетілімдер көрмесі, тақырыптық жинақтық папкалар, ағымдағы библиографиялық басылымдар арқылы жүзеге асырылады.
   Оқырмандар залында кітап оқуды жақсы көретін зағип және нашар көретін қолданушыларға толық қызмет көрсетуге барлық жағдай жасалған. Зағип қолданушыларға - түрлі бағыттағы мамандарға, студенттерге, көруі нашарлаған балаларға арналған мектеп-интернат оқушыларына ауызша кеңес беру, Кітапхананың каталогтар мен картотекалар, ақпараттық және нұсқамалық тізімдер арқылы көмек көрсетіледі. Оқырмандар залы өз қолданушылары үшін қосымша техникалық құралдармен жабдықталған. Көруі терең бұзылған адамдар арнайы технологияларды меңгере алуға оқып, үйрену мүмкіндігі бар. Зағип қолданушылар үшін жаңа тасығыштар пайда болды – компакдискілерде және CD-ROM-ғы әдебиеттер.
   Оқырмандар залында қазақ және орыс тілінде мәдени-көпшілік іс-шаралар көптеп өткізіледі: қызығушылықтары бойынша клубтар, тұсаукесерлер, конкурстық-танымдық және көңіл көтеру-ойын бағдарламалары, танымдық сағаттар, әдеби-көркем викториналар, сазды-сахналандырылған қойылымдар, поэткалық және әдеби-сазды композициялар іс-шараға қатысушыларға мерекелі, көңілді сәттерді сыйлап, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін аша түседі. Қызығушылықтары бойынша клубтардың басты мақсаты – емін-еркін демалу, ақпарат алу және алмасуға сұраныс болып табылады. «Собеседник» оңалту- көңіл көтеру клубы (сілтеме) әртүрлі жастағы мүмкіндіктері шектеулі адамдарды, олардың қызығушылықтары ұқсамаса да өзара біріктіреді. Клуб қызметінің артықшылығы – кітап оқу арқылы мүгедектерді аз болса да қалыпты өмірге жақындату, әлеуметтік оңалту. Клуб жұмысы - оның мүшелерін тұйықтықтан шығуға көмек көрсету, өздерінің проблемаларымен бөлісу, яғни біздің қаламызда зағиптарға орын көптігін, бірімен бірі сырласа алу мүмкіндіктерінің барын танытып, жандарына жақын әңгіме – дүкен құрып, кездесу арқылы қуаныш сыйлау. Клуб жұмысын Кеңес басқарады, іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітеді. Ал кітапханашылар жұмыстың түрлі әдістері мен тәсілдерін қолдана отырып, іс-шаралардың қызықты өтуіне барын салады. Клуб отырысы 2 айда 1 рет өткізіледі, мүшелеріне оқуды көркем-шығармашылық қызметпен бірлестіруге мүмкіндік береді. Іс-шараларға қатысу адамдарды қарым-қатынаста сенімсіздіктен арылу, еркін сезінуге көмектеседі. Клуб жұмысына зағип ақындар, суретшілер, сазгерлер, шығармашылықтарымен қызықты адамдар тартылады, олар өздерінің күш-қуаттарымен басқа адамдарға жаңа идея тудыруға септігін тигізеді, кітапханашыларға зағип адамдар үшін білімнің, кітап оқу және олардың маңыздылығын жеткізуге көмек көрсетеді. Тіптен клуб жұмысы денсаулығына байланысты мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін кездесу, бірімен бірі араласуға мүмкіндік береді.
   Кітапхана ағартушылық мақсаттарын жүзеге асыруда барлық категориядағы қолданушы оқырмандарына қызығушылықтары бойынша «Ғибрат» әдеби клубын ұсынады. Әдеби бірлестік қазақ тілінде жұмыс атқара отырып, қазақ және қазақстандық жазушылардың үздік шығармаларымен қазақ халқының бай мұрасын кеңінен насихаттайды. Өзінің жұмыс бағдарымен клуб шығармашыл адамдарды бір ортаға тоғыстырады, оларды бірлестіретін – шығармашылыққа немқұрайды қарамайтын, ақын-жазушылар әдебиеті мен поэзиясына деген сүйіспеншілік сезім. Клуб отырысына көркем әдебиетті, өлкетану материалдарын көбірек тартатын әдеби композициялар негіз болады. Клуб жұмысының іс-шаралар жоспарына қазақ көркемсөз өнерінің өкілдері - ақындар, орындаушылар, суретшілермен кездесулер енеді. Қызығушылықтары бойынша «Ғибрат» клубының отырысы тоқсанына 1 рет өткізіледі.Барлық қызмет зағип және нашар көретін қолданушыны өзара әрекет пен қарым-қатынасқа тарта отырып, үйренуге бағытталған.


Сайт бойынша навигация

Ауа райы

Соңғы жаңалықтар

Басқару панелі


Логин
Пароль

Күнтізбелік

«    Ноябрь 2018    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 

Дауыс беру



Как часто вы посещаете библиотеку?
1 раз в год
1 раз в пол года
раз в 3 месяца
регулярно
вообще не хожу


Баннерлер

біздің әлеуметтік желілер