« Әдебиет әлемінің ғажабы»
Категория: --- | Автор: Admin | Просмотров: 49
Дата: 26-12-2019, 16:42

26 желтоқсанда Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада « Әдебиет әлемінің ғажабы» атты көру қабілеті бойынша мүгедектер арасында көркемсөз оқудың облыстық байқауы өтті.

Арнайы кітапхананың жобаларының біріне жататын, оқуды, оның ішінде Брайль бойынша оқуды танымал етіп; Брайль жүйесін оқып, меңгерудің оңай еместігін көрсететін, осы жүйемен оқып, жазуды, әрі оқып, жазғысы келетіндерді біріктіру мақсатында өткен  байқау көз көруі бойынша мүгедектер мен Брайль жүйесі бойынша бедерлі-нүктелі қаріпті меңгерген жандар арасында өтті.

Брайль жүйесін білу көз көруі бойынша мүгедектерді оңалту бағдарламасының құрама бөлігі болып табылып, олардың сауаттылығының негізі саналады.

Байқау Жағдаймен алдын ала танысқан жас ерекшелігі мен айналысатын ісі әртүрлі 11 қатысушы қатысты. Олардың ішінде ерекше Брайльді (оқу, жазу) өз бетімен меңгерген Ғазизов Руслан, Исенбаева Любовь, Ахметов Закир сияқты оқырмандарды атап өтуге болады.

Байқау шарты бойынша, қатысушылар арнайы абонемент бөлімінің қызметкерлері Брайль қарпімен терген қазақ, орыс тілдеріндегі Ұлы Абайдың «Қарасөздері» мен М. Мақатаев, М. Цветаева, С. Торайғұров, Р. Рождественский шығармаларынан үзінділерді оқыды. 2 турдан тұрған, өз ерекшелігі бар байқауда жеңімпаздар анықталып, Дипломмен марапатталып, сыйлықтарға ие болды.

І тур нәтижесі бойынша:

І орын – Ахметов Закир

ІІ орын - Исенбаева Любовь

ІІІ орын - Амиршина Рысбике

ІІ тур  нәтижесі бойынша:

І орын– Владимирова Татьяна

ІІ орын - Газизов Руслан

ІІІ орын – Коробейников Владимир.

Брайль жүйесі көздері көрмейтін жандар арасында барлық заманауи технологияларды меңгерудің негізі болып табылатындықтан, бұл байқау Брайль жүйесінің өзекті екендігін көрсетті.

Байқауға қатысушылар мен ұйымдастырушылар Брайль жүйесін меңгеруде уәждеме болатын осындай байқаудың қажеттілігіне көз жеткізді.

« Әдебиет әлемінің ғажабы»

 

« Әдебиет әлемінің ғажабы»

 

« Әдебиет әлемінің ғажабы»

 

« Әдебиет әлемінің ғажабы»

 

« Әдебиет әлемінің ғажабы»

 

dle

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Перейти в:

  • Главная     Электронный каталог     Все новости     Подписка     Online продление книг
  • Комментарии:

    Остаить комментарий

    Навигация по сайту

    Погода

    Последние новости

    Панель управления

    
    Логин
    Пароль

    Наши социальные сети

    Календарь

    «    Январь 2020    »
    ПнВтСрЧтПтСбВс
     12345
    6789101112
    13141516171819
    20212223242526
    2728293031 

    Голосование


    
    Какие книги вы предпочитаете читать?
    Детективы
    Романы
    Фантастика
    Сказки


    Баннеры

    Highslide JS