» «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»
Категория: --- | Автор: Admin | Просмотров: 24
Дата: 20-11-2019, 16:53

Кітапхана қоры ұлттық деңгейдегі ауқымды жоба «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша жарыққа шыққан мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп, мәртебесін көтеруге, Қазақстандық ғылымды әлемдік деңгейге жеткізуге бағытталған жаңа басылымдармен толыға түсті. Гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең үздік оқулықтар түрлі тілдерден қазақ тіліне аударылып, оқырмандарға ұсынылуда.

Осы орайда жаңадан түскен басылымдар арасында кез-келген саланың мамандарына арналған Тер-Минасова С. «Тіл және мәдениетаралық коммуникация» кітабын ұсынамыз. Бұл оқулықта тіл туралы білім, тілдің табиғаты, оның даму заңдылықтары көп тілдерді салыстыра отырып берілген. Қазіргі уақытта тіл білімін өзге тілдермен салыстыра отырып зерттеу өріс алып келе жатқандықтан, бұл оқулықтың көпшілікке берер пайдасы зор деген ойдамыз.

Философиялық ойдың даму тарихына айрықша үлес қосқан 15 ойшылдың шығармашылығы топтастырылған Джонстон. Д. «Философияның қысқаша тарихы: Сократтан Дерридаға дейін» еңбегін оқу арқылы Батыс дәуіріндегі көрнекті философтардың негізгі еңбектері мен теориясының кезең кезеңімен таныс боласыздар.

Аронсон. Э. «Көпке ұмтылған жалғыз: әлеуметтік психологияға кіріспе» кітабынан әлеуметтік психологияның жаңа қырлармен таныссаңыздар, Бринкерхоф Д., Уейтс Р., Ортега С. «Әлеуметтану негіздері» кітабынан әлеуметтану ғылымдарының даму ерекшеліктері тарихи тұрғыдан баяндалатын қоғам мен оның құрылымы, адамның рухани және материалдық мәдениеті мен құндылықтары жөнінде көп мағлұмат аласыздар.

Медиа саласында кездесетін этикалық мәселелерді шешу жолдарын көрсетілген Ли Э. П., Гай С. Р. «Медиатека. Жас мамандар тәжірибесінен» кітабы мен философия тарихымен таныстыратын, философияның туу, өркендеуі, ойлау өрісі жөніндегі тарихы баяндалған, Батыс өркениетінің түп-тамырын түсіндіретін Энтони К. «Батыс философиясының жаңа тарихы» кітаптарының оқырмандарға берері мол.

Сондай-ақ менеджменттің жаһандық сипаты, цифрлық технологиялар, теория мен тәжірибенің ұштасуы нақты кейстер негізінде түсіндірілетін Гриффин Р. «Менеджмент» кітабын оқып шығуды ұсынамыз.

Кәсіпкерліктің жеке кезеңдерін сипаттайтын – бастау, жоспарлау, қалыптасу, даму сатылары жүйелі, дәйекті түрде талданған Куратко Д. Ф. «Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика» кітабымен танысып, рухани байлықтарыңызды молайта түсіңіздер.

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»

 

dle

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Перейти в:

  • Главная     Электронный каталог     Все новости     Подписка     Online продление книг
  • Комментарии:

    Остаить комментарий

    Навигация по сайту

    Погода

    Последние новости

    Панель управления

    
    Логин
    Пароль

    Наши социальные сети

    Календарь

    «    Декабрь 2019    »
    ПнВтСрЧтПтСбВс
     1
    2345678
    9101112131415
    16171819202122
    23242526272829
    3031 

    Голосование


    
    Как часто вы посещаете библиотеку?
    1 раз в год
    1 раз в пол года
    раз в 3 месяца
    регулярно
    вообще не хожу


    Баннеры

    Highslide JS