«Оқырмандармен өткен жарты ғасыр!»
Категория: --- | Автор: Admin | Просмотров: 50
Дата: 15-11-2019, 15:55

Кітапхананың 50 жылдық мерейлі мерейтойы аясында және Халықаралық зағиптар күніне орай «Оқырмандармен өткен жарты ғасыр!» атты ауқымды мерекелік кеш өтті.

Салтанатты іс-шара өтетін акт залы мерекелік көңіл-күй сыйлайтындай бүгінгі мереке атауымен безендіріліп, «Кітапхана уақыт ағымында. В потоке времени» кітап көрмесі ұсынылды.

Мерекелік шараны кітапхана басшысы А. С. Шаймуханбетова салтанатты түрде ашық деп жариялап, оқырмандар мен кітапхана қызметкерлерін мерейлі мерейтоймен құттықтады.

Кештің қадірлі қонақтары Н. Қ. Үсенова (1997-2019 жж. кітапхана басшысы) кітапхананың өткеніне көз жүгіртіп, қызықты естеліктерімен бөлісті. Кітапханамен  бірлесе қызмет ететін Қазақ соқырлар қоғамының төрайымы Қ. Н. Ыбышева кітапхананың оқырмандар арасында алатын айрықша орнына тоқталып, атқаратын қызметіне ризашылық білдірді.

Оқырмандар «Кітапхана уақыт ағымында. Библиотека в потоке времени» атты кітап көрмесі арқылы кітапхананың қалыптасу, даму тарихынан сыр шертетін басылымдармен, шежіреге толы фотоальбоммен, оқырмандар шығармашылығы жинақталған жыр жинақтармен, әртүрлі тақырыптағы әдістемелік құралдармен танысып, ақпараттық шолудан мол мәлімет алды.

Оқырмандар сұранысын қағаттандыруға мүмкіндік беретін заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған «Тифлоәлем. Тифломир» бөліміндегі тифлотехникалық құралдарды, «Баспа машинасы», «Грифель» құрылғысын, қазіргі заманғы «ClеаrReader» оқу машинасын, «Эверест 4» принтерлерін оқырмандар қызыға тамашалады.

Мереке барысында кітапхананың қалыптасу кезеңі туралы мәліметке толы «Бұл Сіз бен біздің өмірбаянымыз. Сіз бен біздің кітапханамыз - Эта наша с тобой биография, это наша с тобой библиотека» шағын көрініс көрермендер көңілінен шықты.

Мерекелік құттықтауға толы бейнероликті тамашалағаннан кейін, кітапхананың көкірегі ояу, ең сезімтал, сүйікті оқырмандары әртүрлі атаулар бойынша марапаттауға ие болды: «Оқуға сүйіспеншілігі үшін - За любовь к чтению» (Р. А. Амиршина), «Отбасымызбен бірге оқимыз - Читаем всей семьей» (Шутихиндар отбасы), «Читательский ростомер» (жас оқырмандар К. Р. Харрасова, А. А. Султанов, У. С. Захарова); «Старейший читатель» (Л. Е. Ли), «Шығармашылық ынтымақтастығы үшін - За творческое содружество» (Л. И. Инсибаева, В. П. Овчарова, С. Қ. Картбеков); «Кітапқұмар - Книжный гурман» (Қ. Н. Жағыпаров, Р. М. Ахметов), «Үздік пайдаланушы - Лучший пользователь» (А. В. Баранивский).

Бүгінгі мерекелік бағдарламада Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің өнер ұжымы өнер көрсетіп, қатысушыларға ән-шашу тарту етті.

Кеш соңында оқырмандар арнайы жайылған мерекелік дастарханда бас қосып, өздерінің ізгі тілектерін білдірді.

Мерекенің ойдағыдай өтуіне қаржылау көмек көрсеткен демеушілерге алғыс білдіреміз: «Халық банкі» АҚ облыстық филиалының өкілі В. А. Пунтус, «О. Ю. Бондаренко» ЖК, «Богатырь» ӨК, «PROLUX LED» ЖШС директоры Қ. К. Султанов, «Татьяна Михайловна Черябкина» ЖК, «Теренгель Павел Юрьевич» ЖК, жеке демеуші Тугамбаева Гүлнар Азанбекқызы.

 

«Оқырмандармен өткен жарты ғасыр!»

 

dle

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Перейти в:

  • Главная     Электронный каталог     Все новости     Подписка     Online продление книг
  • Комментарии:

    Остаить комментарий

    Навигация по сайту

    Погода

    Последние новости

    Панель управления

    
    Логин
    Пароль

    Наши социальные сети

    Календарь

    «    Декабрь 2019    »
    ПнВтСрЧтПтСбВс
     1
    2345678
    9101112131415
    16171819202122
    23242526272829
    3031 

    Голосование


    
    Как часто вы посещаете библиотеку?
    1 раз в год
    1 раз в пол года
    раз в 3 месяца
    регулярно
    вообще не хожу


    Баннеры

    Highslide JS