«Бір ел - бір кітап»
Категория: --- | Автор: Admin | Просмотров: 30
Дата: 12-04-2019, 16:15
   Қазақстандық «Бір ел - бір кітап» жобасының идеясына АҚШ-та кеңінен танымал кітапханалық «Бір кітап- бір Чикаго» және «Егер Сиэтл тегіс бір кітапты оқыса» жобаларына негізделген, яғни барлық адам бір әдеби шығарманы бір уақытта оқиды. Жобаның негізгі мақсаты – қаланың ересек тұрғындарының және жастардың оқуға деген қызығушылықтарын арттыру және бір уақытта оқып, сол кітапты кітапханаларда, оқу орындарында, кітап дүкендерінде, діни ұйымдарда, кафе және басқа қоғамдық орындарда ұжым, отбасы, достар мен таныстарына арасында ұжымдық талқылау. Қала осы күні кітап оқуды сүйетіндер үшін өзіндік клубқа айналады.
   Аталған акция біздің елімізде 2007 жылдан бері Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының қолдауымен өтіп келе жатыр. Акция мақсаты – қазақ әдебиетін кеңінен насихаттау, қоғамның оқуға деген қызығушылығын ояту болып табылады. Республикалық «Бір ел- бір кітап» акциясының комитеті 2019 жылы жаппай оқу үшін мына шығармалар таңдалды: Әбіш Кекілбаевтың «Конец легенды» романы және Әбділдә Тәжібаевтың поэзиясы. Олардың көптеген шығармалары әлемнің түрлі тілдеріне аударылған және оқырмандар жоғары бағалаған.
   Теміртау қаласындағы Мәдени –оңалту орталығында мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін «Біз осы кітаптардың әр жолын оқимыз» атты әдеби вернисаж қазақ халқының «Данышпандыққа адам жылдар өте келеді, ал құндылық әрдайым адаммен бірге» деген қанатты сөздермен ашылды. Іс-шараға қатысушылар – көруі бойынша мүгедектердің «Барс»
Қоғамдық бірлестігің мүшелері Ә.Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығымен танысып, жеке өміріне қатысты кейбір жағдайлар, тағдыры жайында мәлімет алды.
   Қазақ халқының ақыны, драматург Ә.Тәжібаев шығармашылығы туралы әңгіме біздің әдебиетіміздің айнасын ашып көрсетті: адамдар тағдыры, адам санасының ескіден жаңадан ауысуы, қоғамдағы адамның алатын орны, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу. Ақын өмір жолында қазақ әдебиетінің құрылуына белсенді араласты, жеңу мен құлдырау, жаңғыру мен өрлеу орын алды.
   Арнайы кітапхана оқырмандары ақынның шығармаларын мәнерлеп оқып, шығармаларының көркемдік ерекшеліктерін дәлелдеді, қазақ лирикасының қарапайымдылығы мен сырластығын аңғартты.
   Іс-шара барысында қатысушылар «Бір ел – бір кітап» Акциясын өте қажет, мәртебелі, ықыласты деп бірауыздан баға беріп, одан әрі қолдау мен жалғастыру керек деп атап өтті.


«Бір ел - бір кітап»

«Бір ел - бір кітап»

«Бір ел - бір кітап»

«Бір ел - бір кітап»

«Бір ел - бір кітап»

«Бір ел - бір кітап»

«Бір ел - бір кітап»

«Бір ел - бір кітап»
dle

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

Перейти в:

  • Главная     Электронный каталог     Все новости     Подписка     Online продление книг
  • Комментарии:

    Остаить комментарий

    Навигация по сайту

    Погода

    Последние новости

    Панель управления

    
    Логин
    Пароль

    Наши социальные сети

    Календарь

    «    Апрель 2019    »
    ПнВтСрЧтПтСбВс
    1234567
    891011121314
    15161718192021
    22232425262728
    2930 

    Голосование


    
    Как часто вы посещаете библиотеку?
    1 раз в год
    1 раз в пол года
    раз в 3 месяца
    регулярно
    вообще не хожу


    Баннеры

    Highslide JS